---
title: "«Барысты» бұғаулаған — төрешілер"
description: "Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-02-01T04:22:40+00:00"
modified: "2013-02-01T04:22:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barysty-b-aula-an-t-reshiler-317876"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barysty-b-aula-an-t-reshiler-317876/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Барысты» бұғаулаған — төрешілер

> Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең ...

Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең жартысын «Барыс» кем құрамда ойнады деген сөз. Мұндай жүк­темеге қандай команда шыдасын? Бі­рақ «Барыс» хоккейшілері қайсар­лы­қ­тың, жанкештіліктің үлгісін танытып, жан­кү­йерлерін риза қылды.

 
 

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Нижнекамскіде «Нефтехимик» клубымен өткізіп, шектен тыс шиеленісті өткен ойында 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл Қазақстан клубының биылғы маусымның негізгі сатысында өткізген түздегі соңғы ойыны еді.

Негізі, бұл ойында «Барыс» ұтылмас еді. Бірақ қара ала киімді төрешілер то­бық­тан қағып, ойнатпады. Бірінші кезеңнің ортасында «Барыстың» жас шабуылшысы Романов гол соғып, Қазақстан клубы алға шыққан. Содан басталды…

Төрешілер қайта-қайта «Барыстың» ойын­шыларын айдыннан қуып, мезі қыл­ды. Бірақ артық құраммен ойнаса да, «Неф­техимик» ойыншылары гол соға ал­май, пұшайман болды. Төрешілер тіптен әрі­ге шапты. «Барыстың» ойыншыларын қос-қостан айдыннан қуып, «қам­шы­ла­рын» үйірді. Осылай үш рет «Барыстың» екі ойыншысы кем болып, айдын иелері со­ның екеуінде гол соғып, таразы басын өз­деріне аударды.

Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең жартысын «Барыс» кем құрамда ойнады деген сөз. Мұндай жүк­темеге қандай команда шыдасын? Бі­рақ «Барыс» хоккейшілері қайсар­лы­қ­тың, жанкештіліктің үлгісін танытып, жан­кү­йерлерін риза қылды.

[!\[«Барысты» бұғаулаған — төрешілер\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/02/photo_13039-300x200.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/02/photo_13039.jpg)

 

Рас, төрешілер үш рет «Нефтехимик» ойын­шыларын да екі минуттық айып уа­қы­тымен айдыннан аластатты. Бірақ, не­гі­зі­нен, «Барыс» кем құрамда ойнап жат­қан­­да немесе кезеңнің соңғы ми­­­нут­та­рында осындай жаза қолда­ныл­ған­дықтан, қазақстандықтар артық құ­рам­да дұрыстап ойнай алмады.

Ең бастысы, бұл ойында «Барыс» са­пын­да тек Қазақстан құрамасының ша­буыл­­шылары ойнады. Боченски, Доус, Бойд сынды легионерлеріміз бен Қа­зақ­стан азаматтығын алса да, құқықтық кей­бір мәселелері әлі шешілмей жатқан К.Ру­­­ден­ко, М.Спиридонов секілді тәжірибелі ойын­­­шыларымыз мұзайдынға шыққан жоқ. Бұл бесеуі ойнағанда, «Барысқа» тө­ре­­­шілер де «бұғау» сала алмайтын еді.

Бапкерлер құрамы Ригада өтетін Сочи Олим­пиадасының електік додасы та­қа­ған­да, тек Қазақстан шабуылшыларымен ой­нап, дайындықтарын пысықтауды жөн са­напты.

Бізде ҚХЛ-дың басқа клубтарында ой­най­тын қорғаушыларымыз бар. Яғни «Ба­рыс­тың» қазіргі қорғанысын сол қор­ғау­шы­лармен күшейте аламыз, ал басқа ко­­мандаларда ойнайтын шабуылшылары­мыз жоққа тән. Сондықтан түздегі соңғы ойын­да өз шабуылшыларымызды шыңдай беру мақсат тұтылғандай.

Ал ҚХЛ-дың алғашқы үш маусымында «Ба­рыстың» қазіргі бас бапкері Владимир Крикунов жаттықтырған «Нефтехимик» қазір плей-оффқа ілігу үшін барын салуда. Енді ұпай жоғалтса, өкшесін басқан «Югра» клубы алдын орап кетеді…

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barysty-b-aula-an-t-reshiler-317876](https://yvision.kz/kk/post/barysty-b-aula-an-t-reshiler-317876)