---
title: "«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді"
description: "«Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хаба..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-04T22:36:29+00:00"
modified: "2013-06-04T22:36:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barys-hokkey-klubyna-zha-a-bapker-keldi-356105"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barys-hokkey-klubyna-zha-a-bapker-keldi-356105/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

> «Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хаба...

[!\[«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/e9988b3a7211e8833ce9c70531853d3b-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/e9988b3a7211e8833ce9c70531853d3b.jpg)

 

«Барыс» хоккей клубы мен финляндиялық маман Ари-Пекка Селин екіжылдық келісімге отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

50 жастағы шетелдік азамат команданың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Соңғы уақытта Ари-Пекка Селин Финляндияда «HPK» хоккей клубын жаттықтырып келді. Сонымен қатар ол Финляндия құрамасының бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болып табылады.

 

Сондай-ақ «Барыс» клубының бапкерлік штабына Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев пен Александр Ахцигер кіретін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barys-hokkey-klubyna-zha-a-bapker-keldi-356105](https://yvision.kz/kk/post/barys-hokkey-klubyna-zha-a-bapker-keldi-356105)