---
title: "«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-27T00:35:22+00:00"
modified: "2014-02-27T00:35:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barys-aruyn-ta-dau-a-dauys-beru-bastaldy-402748"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barys-aruyn-ta-dau-a-dauys-beru-bastaldy-402748/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғ...

[!\[«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140226084433-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140226084433.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғанын жариялады. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқаудың финалына » Facebook» және » ВКонтакте» топтарында ең көп дауыс жинаған үш қатысушы өтеді. Тағы екі қатысушыны байқауды ұйымдастырушылар таңдайды. Одан кейін ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, сонымен бірге, клуб әкімшілігі дауыс береді, соңынан жеңімпаз анықталады. Дауыс беру 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barys-aruyn-ta-dau-a-dauys-beru-bastaldy-402748](https://yvision.kz/kk/post/barys-aruyn-ta-dau-a-dauys-beru-bastaldy-402748)