---
title: "Барселона — аспан астындағы мұражай"
description: "Бір орында тұрмайтын, шулы Мадридтен кейін, Барселона бізге тып-тыныш, өзіндік жайлы атмосферасы бар..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-03T17:48:00+00:00"
modified: "2012-06-09T23:02:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barselona-aspan-astynda-y-m-razhay-267729"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barselona-aspan-astynda-y-m-razhay-267729/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Барселона — аспан астындағы мұражай

> Бір орында тұрмайтын, шулы Мадридтен кейін, Барселона бізге тып-тыныш, өзіндік жайлы атмосферасы бар...

Бір орында тұрмайтын, шулы [Мадридтен](http://yvision.kz/post/251445) кейін, Барселона бізге тып-тыныш, өзіндік жайлы атмосферасы бар қала болып көрінді. Алайда ол тек алғашқы әсер екен. Оның метросы Мадридтегідей «жайнап» тұрған жоқ, адамдары да өзгеше. Бірақ оның тар көшелері, жағымды ауасы қалаға басқаша түсте, шығармашылық реңкте қарауға мәжбүрлейтіндей.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/QxpcWCVyuwNvZCA20ZmohptOpxqnd0.jpg)

Ұзыннан-ұзақ созылған мына көше бізді қаланың басты паркі – Гуэль паркіне әкетіп барады.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/qsn4sX2M0i0M09x6FNS4Cr4phU6jU1.jpg)

Жалпы Барселонаға барар болсаңыз, міндетті түрде Гауди жайлы біліп алғаныңыз жөн. Өйткені оның аты бұл қалада әр бұрыштан естіледі, көлеңкесі қаланы кезіп жүретіндей. Гауди – XIX ғ. атақты каталондық архитекторы, Барселонаны басынан аяқ «тұрғызған» адам. Қалаға қайран қаларлық, фантастикалық келбет берген де осы архитектура генийі. Ал Гуэль болса, өз кезегінде Гаудиге көптеген тапсырыстар берген білімді, әрі қарапайым өнеркәсіп иесі, меценат, саясаткер. Сондықтан Барселонада шығармашылық рух, әсемдікке, өнерге деген өзгеше көзқарас бірден көзге ұрады. Табиғаттың өзі де оған себепші болғандай. Аумағы 100,4 км² тұратын қаланың оңтүстігін Кольсерола тауы қоршап жатса, солтүстік-шығысында Жерорта теңізі шайылып жатыр. Бүкіл қала төбеде орналасқан.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9vKWXqFHOfqhnR0JYk88cBFIcuf9mn.jpg)

Паркке көшенің өзінде тұрғызылған эскалатормен көтеріліп, әрең жеттік. Ең бірінші көзіме түскені:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/J03404rr1Q1LEe8g84qQ4591BLiQ82.jpg)

Ал мына көріністің әдемілігін сурет те дұрыс жеткізіп тұрған жоқ:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/5Pdr5ismYhln28IdfRczH7GA1sC5iV.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6YJ5CB7igpTG2ui1RzqdrUq9IN9aLq.jpg)

17,18 га-дан тұратын парктің қай жағынан қарамасаң да, көркем суретке тап боласың:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/a9niP2WU8F3NuIseQh18rcqRzKAS21.jpg)

Гауди табиғатынан ерекше, өзгеше адам. Ол шабытын табиғаттан алған. Туындыларының көбісі еш шеге, металсыз, тек табиғи материалдардан жасалған. Мысалы, мына алаң тек жергілікті тастан жасалған, «Құстар ұясы» деп аталып кеткен.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/K67ndE7V35VkGgNjDVeOCuVASH4Ian.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/248VQp4qYiWyvK0PZZo1nlzFyGUvE5.jpg)

Менің артымдағы мозаикалық қатарды да алғаш ойлап тапқан Гауди.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/wo0vsk6EVwa4W0lsL8d726Y1b0W63z.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/l5EaoOt3QxJ6FGZbap8cKzxNpkzK9H.jpg)

Мына қызықты үйлер – Гаудидің нағыз қолтаңбасы. Ол ешқашанда үшкір бұрыштарды, тік түзулерді ұнатпаған. Оның иірімдері жұмсақ, байсалды жалғасады.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/SJ7jiOeQ0zrO42sKxzDeCqyH877kj3.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/eFT4zF5i2v1J3x4Wny8W8W5MS7K9Z8.jpg)

Мына мозаикалық шегіртке парктің ғана емес, Барселонаның символына айналып кеткен. Тағы да Гауди туындыларының табиғатпен тығыздылығын көреміз.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/5o7pJmNwQ40QhtjZ6MbQ7sifd0X3Z8.jpg)

Күзетшілер үйі болады деп салынған үй ішінен көрініс:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/17Ux3752cx4ovNQ89BOw7GZDDI0120.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hVwi8GT2Wd268tP7mJdKgB3BtUDxg0.jpg)

Гуэльдегі тағы да бір Гаудидің ғимараты, парк әкімшілігі отыратын жер ретінде салынған, қазірде онда сувенирлер мен түрлі кітапшалар сатылады.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UvjlUh9I82HVbs4gka5521250G36lJ.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4564IuEYjaV2ku9d7boWF23X328JSh.jpg)

Мен Алматыны «жасыл қала» деп жүрсем, Барселонаның жасылы одан да көп екен.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/wihMurMnYA19FRrB41xi4ncS8pHr9Y.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4H76mLvjYv1NtBQ3hn7wAb8x6qlU6H.jpg)

Паркте адам көп: әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан туристер, жергілікті тұрғындар да артып жетіледі. Парк ішіндегі кафеде бір шеф-полицей келіп, түскі ас ішті. Айқайлап сөйлеседі ғой өздері, кезексіз алды бәрін. Тамақ ішіп шыққанша, жаңбыр жауып үлгерді. Зонтиксіз қалай қайтамыз деп тұрғанда, басылып, артынша әдемі кемпірсоқ шықты.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9E48MCOLgQ098uPNWiAcmWqDbZDI9X.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/MjVoix3afNsKtW6N777k4TnSjdyxPV.jpg)

Паркте неше түрлі көркем өсімдіктер бар, бәрін бір жерге үйіп-төге салмай, жақсы талғаммен үйлестірген екен.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/bVkzE7gFJ0Nf46mE2K9II44gt70Pfx.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/8KFwXA2Mk69N47ZZS6UOGS2yCqe6qR.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7pMO6Milfz70Rtmmz2Itia5V9dX0Hj.jpg)

Ал мынау парк ішіндегі Гаудидің бұрынғы үйі, ол 1963 жылы мұражай ретінде ашылған:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/plZdpqOrGED6BCiT5k2n10x0N9jNai.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vav9w19R6IQWPmijD49Yy3mdSvrnU2.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/zhyxHiDW5mgN6n4xS9ku71Sn54kNMB.jpg)

Үйінің жан-жағы

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hh3D80Lbzz1PX1ZF5As5kj893VU20W.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fRuVdkqHngpF60V1n8l4Nue27UCqUR.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/0RS2wyhCwi5eS490Zjalw41A6321m7.jpg)

Бұл үйде Гауди 1906-1926 жылға дейін тұрған. 1900 жылдан бастап ол осы парктің жобасына кірісті, сол аралықта осы үйде тұрақтаған.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/NstJqdzNxqoudS25SD5tx6884vz9Ir.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/73n46jtW4kpCaz7P1RRIe5uKzZccz9.jpg)

Мынау оның жатар бөлмесі:

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/O6E610T1b1rqjGkeO44pPqW844vgg4.jpg)

Ол үйленбеген, өмір бойы жалғыз өткен. Кішкентайынан ревматизммен ауырып, басқалар сияқты асыр-салып ойнаудың орнына, жалғыз жүріп, тыныстағанды жақсы көріпті. Ауру салдары оны көп қимылдатпаса да, байқампаздығын күшейткен. Осылайша болашақ архитектор табиғатқа етене жақындап, өзінің болашақ жұмыстарына шабыт алып отырған.

Жастайынан екі ағасы мерт болады. Үшіншісі 1876 жылы қайтыс болады да, артынша анасы көз жұмады. 1879 жылы әпкесі қайтыс болып, бір қызын қалдырып кетеді. Әкесі, әпкесінің қызы үшеуі Барселонаға көшіп келеді. 1906 жылы әкесі о дүниеге аттанып, алты жылдан соң денсаулығы нашар қыз да қайтыс болады.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hd461D89xK48C6384j1E5Az90BApcQ.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/1T69EgTUdUsgZbWPH1jygg0I8ftM4s.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Bn6KpD5a4kPEgM9c0JldyplCsVZINv.jpg)

Кешкіқұрым Барселонаға мен ғашық болып қалдым. Мұндай сұлулықты көрмегеніме көп болды.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pJ9nA9AotL6TA4DIA1q2EWAM9g4lqX.jpg)

Жан-жақта сенімен еріп жүретін испан гитарасының үні де саяхатымыздың әсерлі лейтмотивіне айналды.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hvMCaVi9eaoLC1gR5T4W07Fh9X3uUG.jpg)

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6HF2oiLnMVrZSyuAoA5Z35N3ZMNpyJ.jpg)

Ал мынау Барселонаның ең атақты әрі үлкен көшесі – Ла Рамбла.

![Барселона — аспан астындағы мұражай](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/rn7pjVzNPwkTh3Oe46s46oaA25zg0C.jpg)

Таныс испандықтар бізге Гуэльді аралауға түгел бір күн кетеді деп ескертіп еді. Дәл солай болып шықты, кешке тек Ла Рамбланы аралап, үйге қайттық.

*P.S. Келесі постта Саграда Фамилиа мен кешкі Барселонаның жағажайын аралаймыз.*

***Айжан Кәрібаева***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barselona-aspan-astynda-y-m-razhay-267729](https://yvision.kz/kk/post/barselona-aspan-astynda-y-m-razhay-267729)