---
title: "Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады"
description: "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталд..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-30T01:06:18+00:00"
modified: "2013-09-30T01:06:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barlaushylar-zh-ktelgen-tapsyrmalardy-s-tti-oryndady-376597"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barlaushylar-zh-ktelgen-tapsyrmalardy-s-tti-oryndady-376597/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады

> Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталд...

**

![Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады](https://storage.yvision.kz/images/user/minoboronyrk/6s19mj0oB5S5xSElTYcJO1lfXcJMAa.jpg)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды. Оған арнайы мақсаттағы топтар мен Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері қатысты. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын пысықтауға Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары да тартылды.**

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді.

– Біздің өңірлік қолбасшылықтың барлау топтары да осы оқу-жаттығуларға қатысты, – деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов. – Біздің барлаушыларымыз өз тапсырмаларын сәтті және толық орындап шықты. Осы арқылы олар оқу-жаттығулардың сапалы өтуіне өз үлестерін қоса білді.

Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді.

«Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.

Стратегия 2050

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді. – Біздің өңірлік қолбасшылықтың барлау топтары да осы оқу-жаттығуларға қатысты, – деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов. – Біздің барлаушыларымыз өз тапсырмаларын сәтті және толық орындап шықты. Осы арқылы олар оқу-жаттығулардың сапалы өтуіне өз үлестерін қоса білді. Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді. «Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.

**Стратегия 2050**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barlaushylar-zh-ktelgen-tapsyrmalardy-s-tti-oryndady-376597](https://yvision.kz/kk/post/barlaushylar-zh-ktelgen-tapsyrmalardy-s-tti-oryndady-376597)