---
title: "Барды бар, жоқты жоқ деп айта білген де дұрыс."
description: "Тәуелсіздік туының желбірегеніне биыл 25 жыл толады. Рас, Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қат..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-24T04:31:49+00:00"
modified: "2016-08-24T04:31:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bardy-bar-zho-ty-zho-dep-ayta-bilgen-de-d-rys-708594"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bardy-bar-zho-ty-zho-dep-ayta-bilgen-de-d-rys-708594/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Барды бар, жоқты жоқ деп айта білген де дұрыс.

> Тәуелсіздік туының желбірегеніне биыл 25 жыл толады. Рас, Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қат...

Тәуелсіздік туының желбірегеніне биыл 25 жыл толады. Рас, Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді осы 25 жыл ішінде әлем жұртшылығы құрметтейтін болғаны қуантады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосқаны ақиқат. Барды бар, жоқты жоқ деп айта білген де дұрыс. Тәуелсіздіктің арқасында талай жетістікке қол жеткіздік, талай өрен шет ел асып білім алды, елімізде біраз бастамалар жасалды. Тәуелсіздіктің арқасында тереземіз тең елге айналдық. Тәуелсіз еліміздің көк туы көгіиізде желбірей берсін, еліміз тыныш, жұртымыз тыныш болса екен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bardy-bar-zho-ty-zho-dep-ayta-bilgen-de-d-rys-708594](https://yvision.kz/kk/post/bardy-bar-zho-ty-zho-dep-ayta-bilgen-de-d-rys-708594)