---
title: "BarCamp Central Asia-ның кезекті конференциясы өтеді"
description: "Ақпан айының 19-ы күні бізге, топқа Айгерім апайдың шақыртуымен BarCamp Central Asia ның адам..."
author: "mereika_91"
published: "2011-03-03T10:41:08+00:00"
modified: "2011-03-03T10:41:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/barcamp-central-asia-ny-kezekti-konferenciyasy-tedi-125906"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/barcamp-central-asia-ny-kezekti-konferenciyasy-tedi-125906/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# BarCamp Central Asia-ның кезекті конференциясы өтеді

> Ақпан айының 19-ы күні бізге, топқа Айгерім апайдың шақыртуымен BarCamp Central Asia ның адам...

Ақпан айының 19-ы күні бізге, топқа Айгерім апайдың шақыртуымен BarCamp Central Asia ның адамдары келіп, сабақ өткізді. Олардың есімдері: Жанат, Елена және Инесса. Олардың жүргізген лекциялары өте қызықты болды. Себебі, олар өздерінің жыл сайын өткізіліп тұратын конференциялыры жайлы толығырақ мәліметтер беріп кетті. Және де сол конференцияға бізді де шақыра кетті. Бұл кезекті конференция сәуірдің 15-17 жұлдызында болатынын айтты.

BarCamp Central Asia- бұл жылына бір рет өткізілетін Жаңа Медиа мамандарына арналған коммерциялық емес білім беретін (бей)ресми конферренция.

«Егер сен журналист, блогшы, прогарммист, веб деволепер, медиа, пиар не жарнама маманы, маркетолог болсаң немесе осыған қызығып, білім алғың келсе, тіркелуге асық және көпшілік жыл бойы күтіп отырған шарадан қалыс қалма!» деп айтып өтті Жанат мырза.

«Бізде бәрі де қарапайым түрде болады, яғни «галстуксыз». Бірге жиналып, түрлі тақырыптарды ашық және еркін талқылай аламыз. Бізде теңсіздік жоқ: вебтің таымалдылары мен енді ғана үйреніп жүргендер мен мына сендер сияқты жас мамандар үшін тең құқылы. Бейресми ортада маңызды тақырыптарды талқылаймыз. Сол себепті біз ұйықтап қалуға болатын дәстүрлі конференция емеспіз. Біз жақсы ұйықтап алғаннан соң ғана баруға!» деп баса назар аударып айтты. Осы конференцияға дайындықтың қызу жүргәзәп жатқанын да айтып кетті. Мен бұл конференцияға міндетті түрде барамын. Себебі, бұл жерден көп ақпараттар мен қажетті мәліметтерді ала аламыз деп ойлаймын. Жалпы маған бәрі де ұнады. Бұдан үйренгенім осы BarCamp-тың тағдыры жайлы, құрылуы, қалай пайда болғаны туралы болды.

Бізде осындай сабақтар жиі болып тұрады. Әрине мұның бірә бір Айгерім апайымыздың арқасында! Жасай берсін, Айгерім апай! Сізге үлкен рахмет! Алғысымыз шексіз!!!!!!!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/barcamp-central-asia-ny-kezekti-konferenciyasy-tedi-125906](https://yvision.kz/kk/post/barcamp-central-asia-ny-kezekti-konferenciyasy-tedi-125906)