---
title: "«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»"
description: "5-6 сәуір күндері Астана қаласы, Жастар сарайында Жайдарман ойындарының Премьер Лига 1/8 финалы болд..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-07T14:09:35+00:00"
modified: "2013-04-07T14:09:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bar-zhanardy-zhaula-an-zhaydarman-346311"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bar-zhanardy-zhaula-an-zhaydarman-346311/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бар жанарды жаулаған Жайдарман»

> 5-6 сәуір күндері Астана қаласы, Жастар сарайында Жайдарман ойындарының Премьер Лига 1/8 финалы болд...

5-6 сәуір күндері Астана қаласы, Жастар сарайында Жайдарман ойындарының Премьер Лига 1/8 финалы болды. Бұл финалдан жоғары ұпай жинаған командалар ширек финалға жолдама алады.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/o3H940IpAp6rMvUJV0A87br0yRcyU6.jpg)

Бұл жолғы Премьер Лига ойындарының бірнеше ерекшеліктері болды. Соның бірі - жыл сайын Алматыда өтетін Премьер Лиганың биыл Астанада өтуі. Тағы бір ерекшелігі - Жоғары Лиганың үздіктері қазылар алқасы болды.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/HSikPMhPfMF3s45mmmAKspIJ3DHzaL.jpg)

Бұл ойында көптеген жаңа командалар таныстырылды, жаңа өнерпаздардың алғашқы қадамы жасалды.

Суреттегі Қостанай құрамасының құрамында Arash, Майк Тайсон, Джеки Чанға өте-өте ұқсайтын жандар бар екен. Бұл команданың басты ерекшелігі болды.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/1ZY82j0uIT0WppTaqaOJ710340mlVf.jpg)

Ал, Астананың Аргарка құрамасы қазақтың сұлу-сұлу қыздарын жинап әкеліпті. Сахнадан жарқ ете қалған қыздарымызға тамсанып, қазақ қыздарының ең сұлу екеніне тағы да көз жеткіздік.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/s6vSM4Q2rFh9yM1Mq6LsdqGE5Si0zi.jpg)

Және осы Аграрка құрамасы студенттерді оқудан шығартып, Бақыт Сыздықоваға қимыл сыйлаған Harlem Shake биін бастап келе жатты да... "Біздің оқудан шыққымыз келмейді" деп, кетіп қалғаны өте-өте сәтті болды.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/XJ0fEfEmGaAsJm5D7t78156KXV3HJ4.jpg)

Премьер Лиганың екінші күнінде өнер көрсеткен Қызылорда құрамасы ұлттық нақышта керемет ойын көрсетті. Киімдері де, әзілдері де өте қазақи. Барлық командалар арасынан ерекшеленген команданың бірі.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/LH5iP0J8rX0P8Kg8rdhENw5pZ3XXi3.jpg)

Байқағанымыз, барлық командалар ойынға бұрынғыдай әр түрлі киімде емес, арнайы формамен келетін болыпты. Және әрқайсысы өз стилін тауып, қанық түсті киімдермен сахнаның реңін ашып тұр. Ия, ойыншылардың да жауапкершілігі артып келеді. Демек, көрермендердың талғамы өседі, танымы ұлғаяды.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Rj25hwCYokWUCFRRF2Lv5191Rhp1kY.jpg)

Барлық командалар бір-бірінен асып тұр. Әрине сахнада тұрып, өздері бағаланып жүрген әділ қазылар басқаны бағалауда бірақ қобалжыды. Бірақ, айтарлықтай жағдай орын алмаса да, баға берудің қиын екенін айтып жатты.

![«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/jh3NXVoUI912rYsT2YYF7f399c2hhf.jpg)

26-27 сәуір күндері Жастар сарайында Жайдарман ойындарының Жоғары Лигасы 1/4 финалы болады. Барыңыздар, көріңіздер!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bar-zhanardy-zhaula-an-zhaydarman-346311](https://yvision.kz/kk/post/bar-zhanardy-zhaula-an-zhaydarman-346311)