---
title: "«Бар! Ал! Оқы!»"
description: "20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды та..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2017-07-21T05:25:27+00:00"
modified: "2017-07-21T05:25:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bar-al-o-y-773390"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bar-al-o-y-773390/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бар! Ал! Оқы!»

> 20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды та...

20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды тарту үшін «Бар. Ал. Оқы» атты библио-десант ұйымдастырылды. Бұл акцияда «Қыздар әлемі» атты әдеби отырыс волонтерлерінің үлкен белсенділік танытқандарын айта кеткен жөн: олар кітапхана және оның көрсететін қызметтері туралы нақты және сауатты ақпарат бере білді. Барлығы 56 визитка үлестірді. Көпшілігі қызығушылық танытып, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігіне (ойын бөлмесі, библио-ұзартылым, «Ашық кітапхана» үйірмесі, аптасына екі рет тегін интернет) және әрине, әдебиеттің сан алуан көптігіне таңғалды: «қорқынышты» кітаптар, детективтер, қыздар мен ұлдарға арналған кітаптар, энциклопедиялар, ата-аналарға көмекке келетін балғындарға арналған кітаптар. Кітапхананың қала орталығында орналасқандығына қарамастан, көпшілік ол жайлы біле бермейтін болып шықты. Іс-шара соңында қыздар өз пікірлерін жазды: «Өте жақсы әсер алдық! Адамдар біздің библио-десант акциясына бей-жай қарамағандарына біз ризамыз, кітапханада көптеген жаңа оқырмандар пайда болады деп үміттенеміз!» Адамдардың қызығушылық танытып қойған сұрақтары бойынша библио-десант акциясы жаңа тұтынушыларды тартады деген үміттеміз.

![«Бар! Ал! Оқы!»](https://storage.yvision.kz/images/user/altincabibliotec/cW8NLz4rrx9y2wdCUtWc4Z240M9KH5.jpg)

[https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6445175908188833121?authkey=CK2piojymdek2AE](https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6445175908188833121?authkey=CK2piojymdek2AE)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bar-al-o-y-773390](https://yvision.kz/kk/post/bar-al-o-y-773390)