---
title: "Банан мен шоколад коктейлі"
description: "Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-24T16:04:00+00:00"
modified: "2012-02-18T21:47:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/banan-men-shokolad-kokteyli-226938"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/banan-men-shokolad-kokteyli-226938/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Банан мен шоколад коктейлі

> Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап...

*Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап пен жүзімде кездесетін флавоноидтар бар. Олар жүрек пен қан тамырларына өте пайдалы. Ал бананның құрамындағы көмірсулар мен С дәрумені және минералды заттардың пайдасын айтпаса да түсінікті. Сондықтан, бүгін біз әрі пайдалы, әрі тәтті сусын дайындамақпыз.*

![Банан мен шоколад коктейлі](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

* *

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/I548h8m09uD1maFUT8yU8P6X8o3ag3.jpg)

Ол үшін бізге бар болғаны 1 банан, жарты стақан жеңіл йогурт, ¾ стақан сүт (немесе жаңғақ сүті) және де 1 ас қасық какао ұнтағы керек.

Алдымен бананды турап, блендерге саламыз.

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/tZm3XWh9pU8yvphUexKU2Byqjo6rP3.jpg)

Оған йогурт, сүт, кейіннен какаоны қосып жақсылап араластырамыз.

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/dYXX2310CgPhIWNQLlro127EBXYVwJ.jpg)

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/r3t7N7tFAa9S1r6vt91OqjmwxW844s.jpg)

Оны тағы да миксермен араластырып, сұйықталғаннан соң стақанға құйып, дастарқанға қоямыз.

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/XBfpVT5uk49V0Zo6P0A9tDvbHKDh25.jpg)

Керек жағдайда мұз қосуға болады.

![Банан мен шоколад коктейлі](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/IXddokUy1I2uZ6KJ1CadeBg0L9rt72.jpg)

Астарыңыз дәмді болсын!

_________________________________________________________________________

*Жексенбілік коктейльдің авторы **Айжан Кәрібаева***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/banan-men-shokolad-kokteyli-226938](https://yvision.kz/kk/post/banan-men-shokolad-kokteyli-226938)