---
title: "Банан балмұздағы"
description: "Егер балаларыңызды не кішкентай іні-сіңлілеріңізді бір тәттімен қуантқыларыңыз келсе, онда жексенбіл..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-25T21:32:00+00:00"
modified: "2012-02-26T07:12:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/banan-balm-zda-y-228807"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/banan-balm-zda-y-228807/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Банан балмұздағы

> Егер балаларыңызды не кішкентай іні-сіңлілеріңізді бір тәттімен қуантқыларыңыз келсе, онда жексенбіл...

*Егер балаларыңызды не кішкентай іні-сіңлілеріңізді бір тәттімен қуантқыларыңыз келсе, онда жексенбілік рецептімізді оқи отырыңыз.*

![Банан балмұздағы](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

*

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/7d9PegDwcZk45V3YhS70sYiItu2HMq.jpg)

*

Бұл балмұздақ тәттіқұмарларға сый болып қана қоймай, ағзаға біраз пайдалы минералдар да береді. Өйткені оның құрамында кальций, фосфор, темірмен қоса, адам көңілін көтеретін ферменттер де бар екен.

Сонымен бізге керегі: балмұздақ санына қарай банандар (2-3 жеткілікті).

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0AZWt1wfXW7fkIghIbQPtrUHhPz29V.jpg)

Бір плитка шоколад (бізде «Қазақстан» шоколады) және кокос не жаңғақ ұнтақтары. Алдымен бананды қабығынан айырып, екіге бөліп дайындап қоямыз.

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/p0PuTJSmOS8USeU0aG40FG1xDfTx26.jpg)

Шоколадтың жартысын қайнаған судың үстінде буға ұстап, сұйықтап алу керек.

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5XgCO0TE93P5qzfqQkLP090vbgH28f.jpg)

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/sn8698D0EXcY7O3EviymwUw0wF24Af.jpg)

Банандарды бір-бірден шоколадқа батырып, үстіне кокос не жаңғақ ұнтақтарын себеміз.

Содан соң банан-балмұздақтарымызды арнайы таяқшаға кигізіп, шоколад қатқанға дейін тоңазытқышта ұстаймыз.

![Банан балмұздағы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/bZ88LQPP0HGw16Dct1taXS1Q5gP4gi.jpg)

Жексенбіңіз сәтті, әрі тәтті өтсін!

*Асханада болған Айжан Кәрібаева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/banan-balm-zda-y-228807](https://yvision.kz/kk/post/banan-balm-zda-y-228807)