---
title: "Балық қорын қорғау шаралары жөнінде"
description: "2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы и..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-05-13T21:35:18+00:00"
modified: "2014-05-13T21:35:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/baly-oryn-or-au-sharalary-zh-ninde-413445"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/baly-oryn-or-au-sharalary-zh-ninde-413445/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балық қорын қорғау шаралары жөнінде

> 2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы и...

2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Қапшағай су қоймасы аумағында балық қорын қорғауға бағытталған іс-шараларды жүргізді.

Нәтижесінде балық аулауға тыйым салынған мерзім кезінде балық аулау ережелерін өрескел бұзудың 4 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген құралдармен балық ауланғаны (қытайда шығарылған моноталшықты ау мен шанышқы) анықталды.

Инспекторлар ұзындығы 1000 метр ау, 2 «Yamaha-40» маркалы аспалы моторды, «Прогресс» қайығын және 1 шанышқыны, сондай-ақ, 65 кг балық тәркіледі. Балық қорына келтірілген залал мөлшері 26,5 мың теңгеге бағаланып отыр.

Жиналған материалдар мен айғақты заттар процессуалды шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

2014 жылдың 9 – 12 мамыр күндері аралығында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Қапшағай су қоймасы аумағында балық қорын қорғауға бағытталған іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде балық аулауға тыйым салынған мерзім кезінде балық аулау ережелерін өрескел бұзудың 4 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген құралдармен балық ауланғаны (қытайда шығарылған моноталшықты ау мен шанышқы) анықталды. Инспекторлар ұзындығы 1000 метр ау, 2 «Yamaha-40» маркалы аспалы моторды, «Прогресс» қайығын және 1 шанышқыны, сондай-ақ, 65 кг балық тәркіледі. Балық қорына келтірілген залал мөлшері 26,5 мың теңгеге бағаланып отыр. Жиналған материалдар мен айғақты заттар процессуалды шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-50/](http://)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/baly-oryn-or-au-sharalary-zh-ninde-413445](https://yvision.kz/kk/post/baly-oryn-or-au-sharalary-zh-ninde-413445)