---
title: "«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды"
description: "Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мер..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-10T07:40:00+00:00"
modified: "2015-08-05T07:43:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-bay-au-zhariyalaydy-523748"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-bay-au-zhariyalaydy-523748/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Балапан» телеарнасы байқау жариялайды

> Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мер...

![«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/yUwjVgl4h3Jw0QyKW3dDZmfLYv4eL5.png)

Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. Байқау талабы бойынша туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек. Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды. Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады. Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-bay-au-zhariyalaydy-523748](https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-bay-au-zhariyalaydy-523748)