---
title: "«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды"
description: "«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар. «..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-30T23:54:53+00:00"
modified: "2015-06-30T23:54:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-ata-analar-a-arnal-an-ertegi-bay-auyn-zhariyalaydy-517679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-ata-analar-a-arnal-an-ertegi-bay-auyn-zhariyalaydy-517679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды

> «Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар. «...

**«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар.**

**

![«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/X8n7MC9h5N3zs0cy128z1jr0R2n2Xy.png)

**

[«Балапан»](http://balapan.kaztrk.kz/on_balapan/) телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған [ертегі](http://balapan.kaztrk.kz/projects/mults/detail.php?page=58835) байқауын жариялайды.

Байқауға ата-аналардың өздері жазған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған, қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады. Ертегі жанрына ешқандай шектеу жоқ.

Ең үздік ертегінің сценарийі бойынша анимациялық мультхикая түсіріледі. Сондай-ақ, жеңімпаз шығармасының кітабы шығарылады.

Мекенжайымыз: **Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы****.**

E-mail арқылы хабарласамын десеңіз: **[balapantv@kaztrk.kz](mailto:balapantv@kaztrk.kz)**

Егер ертегі дейтін сиқырлы әлемнің шаршамайтын, жалықпайтын «тұрғыны» болсаңыз, ойыңызда қызықты сюжеті, тамаша кейіпкерлері бар хикая жүрсе, міндетті түрді байқауымызға қатысыңыз!

«Балапанмен» бірге болыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-ata-analar-a-arnal-an-ertegi-bay-auyn-zhariyalaydy-517679](https://yvision.kz/kk/post/balapan-telearnasy-ata-analar-a-arnal-an-ertegi-bay-auyn-zhariyalaydy-517679)