---
title: "«Баланы мектепке даярлайық» акциясы ұйымдастырылды"
description: "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Саржаз БПҰ ұйымдастыруымен, \"Сарыжаз-Қа..."
author: "raiymbek.nurotan.kz"
published: "2021-09-20T09:21:26+00:00"
modified: "2021-09-20T09:21:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balany-mektepke-dayarlayy-akciyasy-yymdastyryldy-948644"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balany-mektepke-dayarlayy-akciyasy-yymdastyryldy-948644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Баланы мектепке даярлайық» акциясы ұйымдастырылды

> Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Саржаз БПҰ ұйымдастыруымен, "Сарыжаз-Қа...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Саржаз БПҰ ұйымдастыруымен, "Сарыжаз-Қарекет" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына (108 000 теңге көлемінде) спорттық киімдер, мектеп формасы, аяқ киімдер алынып таратылды. Бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен көрсетіліп жатқан көмегі тұрмыстық жағдайы төмен жəне көп балалы отбасыларға көп септігін тигізеді деген ойдамыз. Биылғы жылы "Сарыжаз-Қарекет" қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен 5-оқушы (225 000 теңге көлемінде) Қапшағай қаласындағы "Бәйтерек" жазғы-сауықтыру лагеріне барып демалып қайтты. Бірлестік мүшелеріне мектеп ұжымы және де ата-аналар атынан алғысымыз шексіз!

#Тәуелсіздікке30жыл

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balany-mektepke-dayarlayy-akciyasy-yymdastyryldy-948644](https://yvision.kz/kk/post/balany-mektepke-dayarlayy-akciyasy-yymdastyryldy-948644)