---
title: "Балалық шағымыздың жазушысы - Марат Қабанбай"
description: "Аса құнды туындылар жазып, бала әдебиеті мол қазына қалдырған – Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылар о..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2023-01-30T05:56:53+00:00"
modified: "2023-02-03T08:15:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balaly-sha-ymyzdy-zhazushysy-marat-abanbay-983141"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balaly-sha-ymyzdy-zhazushysy-marat-abanbay-983141/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балалық шағымыздың жазушысы - Марат Қабанбай

> Аса құнды туындылар жазып, бала әдебиеті мол қазына қалдырған – Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылар о...

Аса құнды туындылар жазып, бала әдебиеті мол қазына қалдырған – Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының иегері, сондай-ақ бірталай дәрежелі сыйлықтарына ие болған қайталанбас тұлға.

Жазушының дарынын ашып, талантын шыңдаған «Арыстан, виоленчель, мен және қасапхана» хикаяты «Детская литература» баспасынан жарық көрді. Одан әрі Еуропа оқырмандарының назарына ілікті. Германияда «Қарлы құйын» деген атпен неміс тілінде жарық көрді. Асыл мен жасықтың ара жігін жазбай танитын Батыс жұрты құм ішінен алтынды сүзіп алды. Сөйтіп, бұл шығармаға зор ықылас танытып, балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік хикаят ретінде халықаралық Г. Х. Андерсен атындағы сыйлық берілді. Шындығына жүгінсек, Марат Қабанбай мұндай мәртебелі сыйлықты иемденген берісі қазақ, арысы исі түрік әлеміндегі бүгінге дейінгі бірден-бір жазушы екен. Бұл, әрине, қазақ әдебиеті үшін зор мерей, үлкен мәртебе ғой!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balaly-sha-ymyzdy-zhazushysy-marat-abanbay-983141](https://yvision.kz/kk/post/balaly-sha-ymyzdy-zhazushysy-marat-abanbay-983141)