---
title: "Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады"
description: "Ақтөбеде еріктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатқан балақайларды құттықтап барды.Ж..."
author: "journalist_n"
published: "2026-01-06T13:49:45+00:00"
modified: "2026-01-06T13:49:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalarga-merekelik-konil-kuy-syylady-1019309"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalarga-merekelik-konil-kuy-syylady-1019309/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

> Ақтөбеде еріктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатқан балақайларды құттықтап барды.Ж...

**Ақтөбеде еріктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатқан балақайларды құттықтап барды.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/a28353b1e460eb16b2ebb2a9bd53874b.jpg?width=1081&height=720) Жаңа жылды аурухана төсегінде қарсы алуға мәжбүр болған жүзге жуық балаға тәттілер мен сыйлықтар табысталды.Облыстық еріктілер кеңесінің төрағасы Нұрбек Жалғасбаевтың айтуынша, биылғы шара бұрынғыдан өзгеше. — Балаларға сәл де болса шаттық сыйлағымыз келді. Аяз ата мен Ақшақармен бірге келіп, сыйлық тараттық. Демеушілер көмектесті. Бұл — балалар үшін есте қаларлық Жаңа жыл болсын деген ниет. Балақайлар қуанып қалды, — дейді ол. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/30c31169fc5504e3d778810fbe2706bd.jpg?width=1081&height=720) Балалар ауруханасының педиатры Салтанат Ахметованың айтуынша, қазіргі уақытта педиатрия бөлімінде 57 бала ем алып жатыр. — Ауруханада емделіп жатқан балалар үшін мұндай мерекелік шаралар өте маңызды. Себебі ұзақ ем қабылдап жатқан балаларға көңіл көтеретін сәттер ауадай қажет. Еріктілердің бастамасы — үлкен қолдау. Балалардың жүзіндегі күлкі — соның дәлелі. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтап, балаларды қуанттық, — деді дәрігер. Аурухана ұжымы еріктілерге алғысын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalarga-merekelik-konil-kuy-syylady-1019309](https://yvision.kz/kk/post/balalarga-merekelik-konil-kuy-syylady-1019309)