---
title: "Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді"
description: "Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жаст..."
author: "AselOmarova"
published: "2025-12-12T12:06:01+00:00"
modified: "2025-12-12T12:06:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalardy-esirtkiden-kalay-korgaymyz-ata-analarga-kauip-belgilerin-tanu-zholdary-tusindirildi-1018951"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalardy-esirtkiden-kalay-korgaymyz-ata-analarga-kauip-belgilerin-tanu-zholdary-tusindirildi-1018951/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

> Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жаст...

**Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды **[Polisia.kz](http://Polisia.kz)**. **Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді. Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді: Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері; Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері; Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы. Жиналыста ата-аналарды "тест әр үйге" профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті. Негізгі бөлімнен кейін зал бірден тарамады. Ата-аналар белсенді сұрақ қойып, жеке бақылаулары мен қиын жағдайларды талқылады, сонымен қатар профилактикалық жұмысты күшейтуге өз ұсыныстарын айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalardy-esirtkiden-kalay-korgaymyz-ata-analarga-kauip-belgilerin-tanu-zholdary-tusindirildi-1018951](https://yvision.kz/kk/post/balalardy-esirtkiden-kalay-korgaymyz-ata-analarga-kauip-belgilerin-tanu-zholdary-tusindirildi-1018951)