---
title: "Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?"
description: "«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Қазақстандық жас өнертапқышта..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-07T23:22:18+00:00"
modified: "2015-10-07T23:22:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalardy-auipsizdigine-arnal-an-mangust-ryl-ysy-turaly-bilesiz-be-576762"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalardy-auipsizdigine-arnal-an-mangust-ryl-ysy-turaly-bilesiz-be-576762/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

> «Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Қазақстандық жас өнертапқышта...

«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды.

![Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/xbrE8fXR0Ahymn40Q4LIy3d06030Lo.png)

Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады.

«Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы [телефонны](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/balalardyn-kauipsizdigine-arnalgan-mangust-kurylgysy-turaly-bilesiz-be#)ң қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов.

«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді.

«Мангуст» жобасы туралы толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) біле аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalardy-auipsizdigine-arnal-an-mangust-ryl-ysy-turaly-bilesiz-be-576762](https://yvision.kz/kk/post/balalardy-auipsizdigine-arnal-an-mangust-ryl-ysy-turaly-bilesiz-be-576762)