---
title: "«Балалар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын қолдау және дамыту жөніндегі қызметтер» жобасының қорытындысы бойынша көпшілік тыңдау өтті"
description: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметік тапсырыс бойынша «Әле..."
author: "cvalem"
published: "2016-12-11T22:33:28+00:00"
modified: "2016-12-11T22:33:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-zh-ne-zhas-spirimder-yymdaryny-yzmeti-ar-yly-balalar-bastamalaryn-oldau-zh-ne-damytu-zh-nind-736469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-zh-ne-zhas-spirimder-yymdaryny-yzmeti-ar-yly-balalar-bastamalaryn-oldau-zh-ne-damytu-zh-nind-736469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Балалар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын қолдау және дамыту жөніндегі қызметтер» жобасының қорытындысы бойынша көпшілік тыңдау өтті

> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметік тапсырыс бойынша «Әле...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметік тапсырыс бойынша «Әлем волонтерлық орталығы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Балалар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын қолдау және дамыту жөніндегі қызметтер» жобасын жүзеге асырды. Осы жобаның қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 30 қарашасында «Асылтау» БО-да қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен көпшілік тыңдауы өтті. Көпшілік тыңдауда «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумында, өңірлік екі күндік екі семинарларға қатысқан бапкерлер сөз сөйледі. Бапкерлер мен жоба қатысушыларының ұсыныстары оқылды. Жүзеге асқан жоба бойынша ақпарат туралы жоба үйлестірушісі Белов Сергей Викторович сөз сөйледі. « «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» ҚҰ ҚҚ президенті Дмитриенко Елена Александровна Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өзекті мәселелері мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жұмыс тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар айтты. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері Абраева Райхангүл, Читанова Ботагөз және Қарамурзин Әліби балалар мен жасөспірімдер қозғалысын қолдау және дамыту бойынша көз-қарастарымен және ұсыныныстарымен бөлісті. Барлық ұсыныстар жиналып, осы есепке енгізілді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру аясында жоспарланған барлық іс-шаралар ұйымдастырылып, мақсатқа қол жеткізілді

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalar-zh-ne-zhas-spirimder-yymdaryny-yzmeti-ar-yly-balalar-bastamalaryn-oldau-zh-ne-damytu-zh-nind-736469](https://yvision.kz/kk/post/balalar-zh-ne-zhas-spirimder-yymdaryny-yzmeti-ar-yly-balalar-bastamalaryn-oldau-zh-ne-damytu-zh-nind-736469)