---
title: "«Балалар құқығы – адам құқығы» атты аудандық оқушылар арасында сайыс өткізілді."
description: "Ағымдағы жылдың 1 ақпанында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданының Абай атындағы орта мектебінде аудан м..."
author: "CRMI"
published: "2017-02-02T06:05:07+00:00"
modified: "2017-02-02T06:05:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-y-y-adam-y-y-atty-audandy-o-ushylar-arasynda-sayys-tkizildi-753556"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-y-y-adam-y-y-atty-audandy-o-ushylar-arasynda-sayys-tkizildi-753556/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Балалар құқығы – адам құқығы» атты аудандық оқушылар арасында сайыс өткізілді.

> Ағымдағы жылдың 1 ақпанында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданының Абай атындағы орта мектебінде аудан м...

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданының Абай атындағы орта мектебінде аудан мектептерінің оқушылары арасында «Балалар құқығы – адамдар құқығы» атты конкурс өткізілді. Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақ арасында Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы бойынша ақпараттандырылуын көтеру және Отансүйгіштік сезімін күшейту. Аудандық конкурстың ұйымдастырушылары – «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Ақтоғай ауданының балалар және жасөспірімдердің өнер орталығы болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/fjkt937CDrUJltVtjDSI0auzB0wHm4.jpg)

Нәтижелер бойынша 1 орынды Б.Орақ Ыдырысов орта мектебінің оқушысы иеленсе, 2 орынды Шолақсор орта мектебі оқушысы М.Сағындыкова және 3 орынға Агрономия орта мектебінің оқушысы А.Семенова ие болды. Конкурсқа 4 ауылдық округ, жалпы қатысушылардың саны 60 адамды құрады. Кездесу соңында «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» директоры С.Е. Аяганов және Ақтоғай ауданының балалар және жасөспірімдердің өнер орталығының директоры А.Е. Альханова жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, естелік сыйлықтарды табыс етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalar-y-y-adam-y-y-atty-audandy-o-ushylar-arasynda-sayys-tkizildi-753556](https://yvision.kz/kk/post/balalar-y-y-adam-y-y-atty-audandy-o-ushylar-arasynda-sayys-tkizildi-753556)