---
title: "Балаларға жақсылық жасайық"
description: "Қазақстандықтардың көпшілігіне \"қайырымдылық\" түсінігі анықталмаған түрдегі мағынаға ие. Статистикағ..."
author: "CRMI"
published: "2016-01-18T22:30:15+00:00"
modified: "2016-01-18T22:37:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-a-zha-syly-zhasayy-673745"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/balalar-a-zha-syly-zhasayy-673745/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Балаларға жақсылық жасайық

> Қазақстандықтардың көпшілігіне "қайырымдылық" түсінігі анықталмаған түрдегі мағынаға ие. Статистикағ...

Қазақстандықтардың көпшілігіне "қайырымдылық" түсінігі анықталмаған түрдегі мағынаға ие. Статистикаға сәйкес еліміздің 5 %-і ғана қайырымдылықпен айналысады. Дегенмен көпшілігінің түсінігі бойынша қайырымдылық мағынасы қарт адамдарға көмек пен балалар үйіне қажет емес киім-кешекті берумен шектеледі. Біздің елімізде қайырымдылық өте баяу дамуда. Қайырымдылық көбінесе діни мейрамдар мен басқа мерекелерді тойлау аясында ғана жүзеге асырылып жүр. Көмекке мұқтаж жандар көмек қолын созуға мүмкіндігі бар жандарға қарағанда жиі қайрымдылық танытуда. Бүгінгі таңда біздің қайырымдылығымыз аяқ астынан және көкейкесті кезде ғана аңғарылуда.

Осыған байланысты, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-сі "Павлодар облысы туберкулезге қарсы диспансері" ММ-нің балаларына арналған "Ашық жүрек" қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлауда.

Қала тұрғындарын бей-жай қалмауды және акцияға ат салысуды сұраймыз. Біз 3 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар, кітаптар, үстел ойындарын мекен-жайы Ломов көш., 38 (Жастарға қызмет көрсету орталығы) бойынша 102 кабинетте әр уақытта күтеміз.

Қосымша ақпарат бойынша хабарласыңыз: 66 12 45; 8 702 412 06 44

Мейірімділікті бірге жасайық!

Жастар ортасында іс-шаралар ұйымдастыру бөлімімен дайындалған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/balalar-a-zha-syly-zhasayy-673745](https://yvision.kz/kk/post/balalar-a-zha-syly-zhasayy-673745)