---
title: "Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін ата-ана не..."
description: "Ақмола облысының прокуратурасы «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» атты ата-аналарға арналған жадынама дайындады. Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда « ЖОҚ » деп айтуды үйретіңіз Егер біреу оны ұстауға әрекет..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-30T08:07:19+00:00"
modified: "2024-03-30T08:07:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-zorly-zombyly-ty-rbany-bolmau-shin-ata-ana-ne-isteui-kerek-1002834"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-zorly-zombyly-ty-rbany-bolmau-shin-ata-ana-ne-isteui-kerek-1002834/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін ата-ана не...

> Ақмола облысының прокуратурасы «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» атты ата-аналарға арналған жадынама дайындады. Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда « ЖОҚ » деп айтуды үйретіңіз Егер біреу оны ұстауға әрекет...

Ақмола облысының прокуратурасы «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» атты ата-аналарға арналған жадынама дайындады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/7371e82585e7be354f212f5ff6107b.jpg)

Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «**ЖОҚ**» деп айтуды үйретіңіз

Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің Әкем емес (Анам емес)» деп даусын шығарып **айқайлауды үйретіңіз. **Бұл айналасындағыларды назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.

Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін **үйретіңіз.**

Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз.

Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала **ескертіңіз.**

Балаға **құпия** сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.

Балаға жалғыз жүргеннен гөрі **достарымен** **бірге қыдыру** қауіпсіз екенін жеткізіңіз.

Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.

Баланы жылына бір рет **фотосөретке түсіріңіз.** Тым болмағанда Сізде жана фотосөреті болады.

Балалардың Интернетте еркін отыруына **жол бермеңіз. **Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене **атсалысыңыз.**

Балаға **Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып** ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін **түсіндіріңіз.**

Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын Ата-ананың қатарынан болыңыз.

**Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек.**

**Ақмола облысының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-zorly-zombyly-ty-rbany-bolmau-shin-ata-ana-ne-isteui-kerek-1002834](https://yvision.kz/kk/post/bala-zorly-zombyly-ty-rbany-bolmau-shin-ata-ana-ne-isteui-kerek-1002834)