---
title: "«Бала құқығы»"
description: "2015 жылдың 3 қарашасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Орал қаласының №40 жалпы орта ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-11-05T00:16:42+00:00"
modified: "2015-11-05T00:16:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-y-y-634881"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-y-y-634881/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бала құқығы»

> 2015 жылдың 3 қарашасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Орал қаласының №40 жалпы орта ...

**2015 жылдың 3 қарашасында** құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Орал қаласының №40 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы» ашық сабағы оздырылды.

Сабақтың ой-талқы бөлімінде қатысушылар «бала», «бала құқығы», «баланың міндеттері», «ата-ана» т.с.с. сөздер туралы түсініктерін айтты.

Қызықты болып «Жылдар сөйлейді», «Тәртіп және заң» мен «Жалғасын тап» кезеңдері болды. Өйткені оқушылар экранда шыққан сөздерді өз тәртібімен қойып, жартылай жасырылған мақал-мәтелдердің жалғасын жарыса айтты.

Іс-шарада оқушылар төмендегі талаптарды орындалуына жауапты екендерін ұғынды:
- Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
- Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға;
- Табиғатты қорғауға;
- Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға міндетті.

 

Шара соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, заң нормаларын сақтау бойынша дәріс оқыды.

![«Бала құқығы»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/lUcUV7SU1zaU49FWnfl7U82IzKHPw2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-y-y-634881](https://yvision.kz/kk/post/bala-y-y-634881)