---
title: "«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет"
description: "Қазіргі уақытта «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қыз..."
author: "ceka"
published: "2014-10-20T10:02:49+00:00"
modified: "2014-10-20T10:02:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-tuu-a-zh-ne-bala-k-timi-boyynsha-zh-rdema-ylar-ta-ayyndau-turaly-memlekettik-yzmet-434903"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-tuu-a-zh-ne-bala-k-timi-boyynsha-zh-rdema-ylar-ta-ayyndau-turaly-memlekettik-yzmet-434903/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет

> Қазіргі уақытта «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қыз...

Қазіргі уақытта «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қызметті аудандық ХҚКО арқылы өткізуге болатынын тұтынушылардың назарына жеткізгіміз келеді яғни, бұл қызметтің түрі баламалы түрде қабылданады.

Қазір Электронды үкімет порталы бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет ұсыну рәсімдерін жеңілдету мақсатында құрылған. Онда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімді.

[www.egov.kz](http://www.egov.kz/) порталына кіре отырып, онлайн режимінде мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру, жеке тұлғаларға жылжымайтын мүліктің болуы туралы анықтама, бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау, салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және тағы басқа.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің [http://www.enbek.gov.kz](http://www.enbek.gov.kz/) интернет-ресурсында, аудандық ХҚКО-ның және ЗТМО бөлімшелерінің стенділерінде көрсетілген.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік қызмет- тек Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: тұтынушы анықталған қажетті құжаттарды ЗТМО немесе ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде орындалады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті қабылдау уақыты ЗТМО-да 30 минут ал, ХҚКО-да 15 минуттан аспауы қажет. **Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:** **1)** Жәрдемақы тағайындау үшiн белгіленген үлгідегі өтiнiш; **2)** баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері); **3)** Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi сондай-ақ оралмандар үшін-оралман куәлігі; **4)** Тұрғылықты жерiн растайтын құжат;

**5)** Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе балаға қорғаншылық (қамқорлық) белгiлеу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.

**6)** Жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының номері туралы толық мәлімет;

**7)** Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда сенімхат талап етіледі.

**8)** Көрсетілген қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию, неке бұзу туралы куәлік; Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

**ХҚКО Байзақ аудандық бөлімінің**

**инспекторы А.О.Сабитов**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-tuu-a-zh-ne-bala-k-timi-boyynsha-zh-rdema-ylar-ta-ayyndau-turaly-memlekettik-yzmet-434903](https://yvision.kz/kk/post/bala-tuu-a-zh-ne-bala-k-timi-boyynsha-zh-rdema-ylar-ta-ayyndau-turaly-memlekettik-yzmet-434903)