---
title: "«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
description: "1. «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсеті..."
author: "ceka"
published: "2014-10-20T10:24:14+00:00"
modified: "2014-10-20T10:24:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-tu-anda-beriletin-zh-ne-bala-k-timi-zh-nindegi-zh-rdema-ylardy-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetile-434936"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-tu-anda-beriletin-zh-ne-bala-k-timi-zh-nindegi-zh-rdema-ylardy-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetile-434936/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

> 1. «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсеті...

### 1. «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО); 2) бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-tu-anda-beriletin-zh-ne-bala-k-timi-zh-nindegi-zh-rdema-ylardy-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetile-434936](https://yvision.kz/kk/post/bala-tu-anda-beriletin-zh-ne-bala-k-timi-zh-nindegi-zh-rdema-ylardy-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetile-434936)