---
title: "Бала тәрбиесінде ескерілуі қажет 16 ереже"
description: "Балаларыңызды ернінен сүймеңіз. Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ..."
author: "yelzhas_ertaiuly"
published: "2017-05-15T06:09:29+00:00"
modified: "2017-05-17T00:23:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-t-rbiesinde-eskerilui-azhet-16-erezhe-766767"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-t-rbiesinde-eskerilui-azhet-16-erezhe-766767/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бала тәрбиесінде ескерілуі қажет 16 ереже

> Балаларыңызды ернінен сүймеңіз. Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ...

- Балаларыңызды ернінен сүймеңіз.

- Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деу арқылы бейтаныс адамдармен байланысын күшейтпеңіз.

- Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз, тіпті туысыңыз болса да.

- Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ашуланбаңыз.

- Балаңызға өзінің қалауынан тыс оның денесіне ешкім тисе алмайтынын үйретіңіз.

- Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда, жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.

- Балаңыздың көзінше коланы сіміріп ішіп «балам, кола өте зиянды» демеңіз. Өзіңізге деген сенімінен айырылмаңыз.

- Өзіңіз кітап оқымайтын жан болсаңыз, «балам кітап оқымайды» деп оған ренжімеңіз.

- Балаңызға «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз, «істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.

- Балаңызбен дос болмаңыз, әке-шеше болыңыз.

- Балаңызға тыйым сала бермеңіз, оған зиянын түсінікті тілмен түсіндіріңіз.

- Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қараңыз.

- Балаңызды көп құшақтаңыз. Өзіне қажетті махаббатты сізден ала алмаған бала оны сырттан іздейтінін естен шығармаңыз.

- Балаңыздың намысына тимеңіз, кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өзінше ерекше екенін ұмытпаңыз.

- Балаңызға бірнәрсе үйретерде қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы үйретіңіз.

- Балаңыздың сұраған сұрағына қысқа әрі нұсқа жауап беріңіз.

 

**Елжас Ертайұлы** **[«Бақытты отбасы»](http://bakittiotbasi.kz/makala/25) отбасылық кеңес орталығы** **bakittiotbasi.kz**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-t-rbiesinde-eskerilui-azhet-16-erezhe-766767](https://yvision.kz/kk/post/bala-t-rbiesinde-eskerilui-azhet-16-erezhe-766767)