---
title: "«Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз»"
description: "А.ж. 21 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-26T04:16:32+00:00"
modified: "2017-11-26T04:16:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-kezimizden-zhem-orly-a-arsymyz-786127"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-kezimizden-zhem-orly-a-arsymyz-786127/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз»

> А.ж. 21 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/40eL4cyxik8jwmiWlBFP9wkKggxTy6.jpg) А.ж. 21 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру және Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №6 орта мектебінің 3 сынып оқушылары «Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында театрландырылған миниатюралар қойылды.

Іс-шараға Департаменттің қызметкері Беккажанова С.қатысты.

Оқушылар мини-қойылымдарды көрсету арқылы сыбайлас жемқорлық деген не? Жемқорлықтың себептері қандай? тәрізді сұрақтарға өздері жауап берді.

Іс-шара барысында балалар пара алуға және беруге болмайтындығы, көздеген мақсаттарға адалдық пен еңбексүйгіштік арқылы жетуге тырысу керек екені туралы ойларын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-kezimizden-zhem-orly-a-arsymyz-786127](https://yvision.kz/kk/post/bala-kezimizden-zhem-orly-a-arsymyz-786127)