---
title: "«Бала дауысы — 2017» балалар ән байқауы басталды"
description: "\"Бала дауысы\" ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі басталды. Естеріңізге, жобаның финал ережес..."
author: "galok_95"
published: "2017-10-27T05:31:29+00:00"
modified: "2017-10-27T05:31:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-dauysy-2017-balalar-n-bay-auy-bastaldy-783094"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bala-dauysy-2017-balalar-n-bay-auy-bastaldy-783094/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бала дауысы — 2017» балалар ән байқауы басталды

> "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі басталды. Естеріңізге, жобаның финал ережес...

![«Бала дауысы — 2017» балалар ән байқауы басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/galok_95/0zGcf8csQ2yKGzR6TArRzzVhjGuZNC.jpg)

"Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі басталды. Естеріңізге, жобаның финал ережесін сала кетейік. БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ (1 қазан – 31 қазан 2017 жыл) 1. Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирдекөрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды. 2. Байқаудың финалы 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады: 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды. 28 қазан - Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушылар заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әндерін бірігіп, дуэтте орындайды. 29 қазан - Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қ«Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды. Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады. Суперфиналда белгілі әнші, финалистердің жұлдызды тәлімгерлерінен бөлек, Жанар Дұғаловамен қатар Ninety One тобы да өнер көрсетпек.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bala-dauysy-2017-balalar-n-bay-auy-bastaldy-783094](https://yvision.kz/kk/post/bala-dauysy-2017-balalar-n-bay-auy-bastaldy-783094)