---
title: "Бакудегі кездесулер"
description: "Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-04-21T06:35:20+00:00"
modified: "2014-04-21T06:35:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakudegi-kezdesuler-410570"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakudegi-kezdesuler-410570/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бакудегі кездесулер

> Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр...

Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр Артур Раси-Задемен кездесті.

Тараптар екіжақты қазақ-әзербайжан, оның ішінде әскери-техникалық саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Бүгін С. Ахметов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Кездесу барысында С. Ахметов Әзербайжан көшбасшысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен игі тілегін жеткізді.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bakudegi-kezdesuler-410570](https://yvision.kz/kk/post/bakudegi-kezdesuler-410570)