---
title: "Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды"
description: "ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Әзербайжан..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-02-20T21:44:06+00:00"
modified: "2014-02-20T21:44:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakude-skeri-bilim-beru-salasynda-y-aza-stan-zerbayzhan-yntyma-tasty-y-m-selesi-tal-ylandy-401726"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakude-skeri-bilim-beru-salasynda-y-aza-stan-zerbayzhan-yntyma-tasty-y-m-selesi-tal-ylandy-401726/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

> ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Әзербайжан...

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Әзербайжан Қорғаныс министрінің жеке құрам бойынша орынбасары - жеке құрам басқармасының басшысы Шыңғыс Мәмедовпен кездесті.

Сапар мақсаты - әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық орнату.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру саласын дамыту бойынша ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттер қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.

[ҚАЗАҚПАРАТ](http://inform.kz/kaz/article/2632829)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bakude-skeri-bilim-beru-salasynda-y-aza-stan-zerbayzhan-yntyma-tasty-y-m-selesi-tal-ylandy-401726](https://yvision.kz/kk/post/bakude-skeri-bilim-beru-salasynda-y-aza-stan-zerbayzhan-yntyma-tasty-y-m-selesi-tal-ylandy-401726)