---
title: "Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады"
description: "Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-17T01:16:33+00:00"
modified: "2015-06-17T01:16:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakude-i-europa-oyyndaryna-arnal-an-muzey-ashylady-513991"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bakude-i-europa-oyyndaryna-arnal-an-muzey-ashylady-513991/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

> Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан ...

[!\[Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150611174240-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150611174240-1.jpg)

Бакудің Олимпиада стадионында[І Еуропа ойындарына](http://inform.kz/kaz/article/2786333) арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.

«Мұражайға негізінен І Еуропа ойындарының ашылу салтанаты кезінде пайдаланылған бұйымдар мен киімдер қойылатын болады», деді министр. Музей І Еуропа ойындары аяқатлған соң бірден ашылмақ. [Жалпы,](http://inform.kz/kaz/article/2785843) Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы — олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі — олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.kazinform.kz/kaz/searchtag/290) , [Әзербайжан](http://www.kazinform.kz/kaz/searchtag/1461) , [ТМД](http://www.kazinform.kz/kaz/searchtag/194)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bakude-i-europa-oyyndaryna-arnal-an-muzey-ashylady-513991](https://yvision.kz/kk/post/bakude-i-europa-oyyndaryna-arnal-an-muzey-ashylady-513991)