---
title: "БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материалдары үшін марапатталды"
description: "26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдар конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті. ..."
author: "journalist_n"
published: "2025-12-27T05:16:19+00:00"
modified: "2025-12-27T05:16:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bak-okilderi-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-takyryptagy-uzdik-materialdary-ushin-marapattaldy-1019192"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bak-okilderi-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-takyryptagy-uzdik-materialdary-ushin-marapattaldy-1019192/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материалдары үшін марапатталды

> 26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдар конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті. ...

**26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдар конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті. Байқауға ұсынылған жұмыстар арасынан ең мазмұнды және кәсіби материалдар іріктеліп, үздіктер анықталды.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ce96d190a984912eac3a5b9aedeb4002.jpg?width=1019&height=720) Конкурстың басты мақсаты - халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша ақпараттануын арттыру. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/aa27d890a63694c4c9d6f990a1344c10.jpg?width=781&height=720) Байқау материалдарын бағалау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды бірауыздан анықтады. "Үздік интернет-жарияланым" номинациясы бойынша Харламова Анастасия Андреевна үздік деп танылды. "Үздік тележұмыс" номинациясында Мұхатай Ақжүніс Сабыржанқызы жеңімпаз атанды. Ал "Үздік баспа жарияланымы" номинациясы бойынша Құскенов Самрат Дулатұлының материалы үздік деп бағаланды. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/7e03846755a20af926ed1f76cb6fadb1.jpg?width=777&height=720) Іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне конкурсқа белсенді қатысқаны және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдағаны үшін алғыс айтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bak-okilderi-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-takyryptagy-uzdik-materialdary-ushin-marapattaldy-1019192](https://yvision.kz/kk/post/bak-okilderi-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-takyryptagy-uzdik-materialdary-ushin-marapattaldy-1019192)