---
title: "«Бахус» AҚ Елбасының реформаларын қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департамент..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:31:49+00:00"
modified: "2016-04-25T22:31:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bahus-a-elbasyny-reformalaryn-oldaydy-690698"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bahus-a-elbasyny-reformalaryn-oldaydy-690698/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бахус» AҚ Елбасының реформаларын қолдайды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департамент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) 2016 жылдың 5 сәуірінде «Бахус» AҚ-мен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформа» «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың барысын талқылау тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы мәселелерге тоқталды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік органдармен, жұртшылықпен өзара белсенді жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды. Қаланың көптеген мемлекеттік мекемелерінде өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысып, сол мекемелердің қызметкерлерінің қазіргі Елбасының оң саясатын қолдайтындығын көріп жүрміз. Қазіргі таңда аудан көлемінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыруда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесе отырып, айтарлықтай іс-шаралар өткізілуде. Мұндай ауқымды іс-шаралардың жиі өткізілуі жұртшылықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, еліміздің экономикасы мен мемлекеттігімізді нығайтуға оң әсер ететіндігіне сенімдімін.

Персонал басқармасы бөлімінің бастығы К. Шакеева Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау саясатын толық қолдайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, «Бахус» АҚ соңғы жаңа технологиялармен жабдықталып, бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосылу үшін өз үлесімізді қосудамыз. Біздің ұжым елімізде жүргізіліп жатқан оң саясатты толығымен қолдайды.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтті.

![«Бахус» AҚ Елбасының реформаларын қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/zgZnI2687wGcE9CVCotmcUu826ERCm.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bahus-a-elbasyny-reformalaryn-oldaydy-690698](https://yvision.kz/kk/post/bahus-a-elbasyny-reformalaryn-oldaydy-690698)