---
title: "Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді"
description: "Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін а..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-06-17T11:51:39+00:00"
modified: "2022-06-17T11:51:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-ytg-l-hamenova-a-atysty-al-ash-y-sot-otyrysy-shegerildi-969342"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-ytg-l-hamenova-a-atysty-al-ash-y-sot-otyrysy-shegerildi-969342/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді

> Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін а...

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-ytg-l-hamenova-a-atysty-al-ash-y-sot-otyrysy-shegerildi-969342](https://yvision.kz/kk/post/ba-ytg-l-hamenova-a-atysty-al-ash-y-sot-otyrysy-shegerildi-969342)