---
title: "Бақыт рецепті"
description: "***Бақыттың өлшемі, жарамдылық мерзімі болмайды. Бақыт көп немесе аз болмайды. Бірақ мен бір нәрсені..."
author: "begimk"
published: "2018-02-26T16:27:02+00:00"
modified: "2018-02-26T16:27:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-yt-recepti-797967"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-yt-recepti-797967/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бақыт рецепті

> ***Бақыттың өлшемі, жарамдылық мерзімі болмайды. Бақыт көп немесе аз болмайды. Бірақ мен бір нәрсені...

***

Бақыттың өлшемі, жарамдылық мерзімі болмайды. Бақыт көп немесе аз болмайды. Бірақ мен бір нәрсені нақты білемін: бақыт бар. Бізде, біздің айналамызда.

***

Кейбір адамдарды басқалармен бөліскің келмейді. Оларды жібергің келмейді.

***

Біз бәріміз қызықпыз. Мәңгі бір нәрсені күтіп өмір сүреміз. Қыстың күні ойымызда жазды тездетіп, жазда күзді сағынамыз. Уақыт аралығына көп үміт артып, осы сәтпен өмір сүруді үйрене алмай келеміз.

***

Ешқашан төзімділігіңді жоғалтпа. Қараңғы түннен кейін әрдайым таң атады - басқаша болуы мүмкін емес. Сондықтан ең бастысы - күте білу, асығыстықпен шешім қабылдамау.

***

Ең басты нәрсеге кітап емес, өмір үйретеді.

***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-yt-recepti-797967](https://yvision.kz/kk/post/ba-yt-recepti-797967)