---
title: "Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері"
description: "2017 жылдың 17 қарашасында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-23T05:41:48+00:00"
modified: "2017-11-23T05:41:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-ylau-ada-alau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-n-tizheleri-785912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-ylau-ada-alau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-n-tizheleri-785912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері

> 2017 жылдың 17 қарашасында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/k34K9yKV1zJPbboh5m0Gl6TmvDq1nQ.jpg) 2017 жылдың 17 қарашасында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Басты мақсат – бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын іске асыру барысындағы дискрециялық өкілеттіктер мен жемқорлық тәуекелдерін осы функциялар жүктелген жергілікті мемлнекеттік органдардың қатысуымен талқылау.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин, Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілі, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар қатысты.

Кездесу барысында Д. Хайруллин тыңдаушылардың назарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізуге аударды.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-ylau-ada-alau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-n-tizheleri-785912](https://yvision.kz/kk/post/ba-ylau-ada-alau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-n-tizheleri-785912)