---
title: "«БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы»"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T03:49:08+00:00"
modified: "2015-12-13T03:49:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667797"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667797/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы»

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің Төрағасы Бахтияр Камалов теледидардың халықаралық күніне арналған марапаттаудың салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өз материалдарын белсенді жариялайтын Қазақстандағы БАҚ-тың жетекшілері және сыбайлас жемқорлық мәселелеріне немқұрайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға қатысушылар атап өтілді.

«Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» үкіметтік емес, қоғамдық ұйым ұйымдастырған байқау өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне журналистер қауымының назарын аударып және жұртшылықты тарту болды. «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа – орталығының» төрағасы Төлеген Байғұловтың пікірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясаттың ең маңызды құралдарының бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыруға байқау көмектеседі.

![«БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы»](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/zGlfXgZX3C44un7Wu1QxnCBO40DiTB.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667797](https://yvision.kz/kk/post/ba-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667797)