---
title: "Бақ пен байлық"
description: "Байлық дегенде сол дүниеауи байлықты айтып отырған жәйіміз бар. О, тіршілік, не берсенде арнап бер..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-10T17:37:32+00:00"
modified: "2018-02-10T17:37:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-pen-bayly-796165"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-pen-bayly-796165/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бақ пен байлық

> Байлық дегенде сол дүниеауи байлықты айтып отырған жәйіміз бар. О, тіршілік, не берсенде арнап бер...

Байлық дегенде сол дүниеауи байлықты айтып отырған жәйіміз бар. О, тіршілік, не берсенде арнап бер. Алтың балық ілінетін қармақ бер. Бақыт бер де, сол бармақтай бақытты Басып тұрар құдыретті салмақ бер. Қадыр ақын осылай дейді. Шындығында сол бізге бақ пен байлық берсе салмақ бермейді. Салмақ берсе, сол салмағымыз орнымыздан тұрғызбай тастайды да, не байлыққа, не бақытқа жете алмай жатамыз. «Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несчастливая семья несчастлива по-своему». Арыстан ағай (Мұхамедиұлы емес екені екі жыл кластан қалған Еремаға да белгілі) осылай дейді. Толстойдың осы бір қанатты сөзін сәл өзгертіп көрейік. «Барлық бақытты отбасылар өздерінше бақытты, ал, барлық байлар бір-бірінен аумайды». Рас, біздегі байлардың барлығы бір жұмыртқадан шыққандай. Билік басына барып, һәррәмі жолмен, жемқорлықпен байығандар тексіздігінен танбайды. Кәдімгі құзғын дерсің. Өзінен басқаға бір тиын шарапаты жоқ. Бөлісуге тексіздігі жібермейді. Ал, енді адал жолмен тірнектеп байығандар бар. Олардың «данышпандығы» жібермейді. Біреуге сәл көмек қолын созайын десе, сол дәулетке қалай жеткені көз алдынан кетпейді. Қақаған қаңтарда, аптап ыстықта базарда тұрғаны, екі мың теңгені әр заттың үстіне екі теңге қосып, мың зат сатып тапқаны жадында тұрар жаңғырып, ұстазым менің, ұстазым. Ой мен не деп кеттім, құрсын. Иә, сол байлыққа кенелген жолы есінде тұрады. Ол сөйтіп жүргенінде ана кедейлердің кердеңдеп үйінде шалжиып жатқанын да ұмытпаған. Не үшін беруі керек. Соншама әлектенгенде қу жалқауды жарылқау үшін жүріп пе? Жо-жо-жоқ, қоя қойыңыз. Ондай ақымақ жоқ, қазақта. Олардың бөліспеуі, беріспеуі заңды ма, заңды. Логично да?. Сондықтан бұл топты кінәлауға болмайды. Ваще то ешкімді кінәлауға болмайды. Бермеді, көмектеспеді деп. Әңгіме басқада. Әңгіме бай адамдар мен бақытты адамдардың образында. Иә, Алдаркөсенің заманы өткен. Қазірге кезде бай адам ақымақ емес. Ол ақымақ болса, алданып қала берсе, мынадай байлыққа қалай кенеліпті. Демек ол ақылды. Һәм социялистик реализмнің де әсерінен айырылайық. Байлардың бәрі жағымсыз кейіпкер емес. Керісінше сый мен құрметке бірден-бір лайық адамдар солар. Енді олардың сонда не кемдігі бар деңізші? Былай ғой. Түсініктірек болу үшін Маркты алайық. Марктың мына бірінші суретіне қараңыз. Сүйген жарымен аса жарасып келе жатыр. Сығандар құсап суретке қарап бал ашу керек болса айтайық, екеуі нағыз бақытты адамдар. «Арманды дара қумаймыз, құстың қос қанатындаймыз» деген әніңіз осы екеуіне арналғандай. Егер осы Марк қазақ жігіт болсыншы. Байлық тұрғысынан ғана алай ық. Ол әлі үйленбей жүретін еді. Өйткені бұ қазақта оның байлығына сай келетін қыз жоқ. Ешкімді тең көрмейді. Алса да аса бір сұлу қызды, өзі сияқты «өскен-өнген» әулеттің қызын алатын еді. Өйтпесе, ит жегірдің байлығын атасының басына жиып па? Осыншама байлыққа қай-қайдағы бір орта таптың бір қызы келіп, кенеле кетсе обидно же. Бетің аулақ))). Ал, егер сол жігіт Марктың мына әйеліндей қыздың әдемілігіндей ғана әдемі қызды алар ма еді. Алмас еді. Өйткені біз алдырмаймыз. Шулап қоя береміз ғой. «Мә, ананша байлықпен алып алған әйелінің түрін қара», «онан көрі Ешалайдың әйелі әдемі ғой», «Ешалайың не, Жәшөктің әйелі мынаның қасында красавица ғой» деп шулаймыз ғой. Ана байғұс бай-бағлан бауырымыз осы сөздерден қатты құрқады ғой. Қорыққаныңыз былай тұрсын, иманы ұшады. «Құдай сақтасын. Албасты болып алысып өтсем де, сырт көзге бір көрінері бар болсыншы» деп ойлайды ғой о сорлым. Как буд то машина сияқты. Қарапайым қара торы қызды ала салса, соншама байлықпен жигули мініп қалғандай сезінеді. Сондықтан Лексустай қызды іздеумен әлек болады. Ал, жүрегі құрғыр қараторының сөзін сөйлеп тұруы мүмкін. Бұл төмен деңгейлі адамдардағы түсінік. Ал, шын мәнінде ең сұлу әйел Марктың әйелі ғой. Апам құсап топшылай жөнелсек, түр-тұрпатынан-ақ көрініп тұр ғой. Түсі игіден түңілме деген иә. Бидай өңді екен. Мейірімді, қайырымды сияқты. Балажанын қарасай(2 сурет). Екеуінің екі суретіне қараңыздаршы. Бақытты ма, бақытты. Алаңсыз, мұңсыз, қайғысыз. Шуақтары манитордың сыртына төгіліп тұр. Осы Марктың сәбилерге арналған қайырымдылық қорына аударған ақшасына біздің Мырқамбай көке алты әйелінің үстіне тағы алты әйел алып алар еді-ау. Шілдебай аға, тағы төрт үй алып, квартирант жіберіп қоятын еді. Біз жоғарыда бойдақ кезінде байығандарды айттық. Ал, енді кейінірек, болары болып, боуы сіңген кезде байығандардікі тіпті қызық. Тоқал алған. Тоқал алғандарды қатты сыйлаймын. Егер шын жақсы көріп, бағалап алса. Ал, ана көкелеріміз тоқалды таңдағанда машина таңдағандай таңдаған ғой. Кожа, рожасына қарап... Ана кедей кезінде қосылған жарлары мына деңгейлеріне лайық болмай қалғандықтан алған ғой. Ары-бері мініп тұрғанға деп. P.S. Марк сияқты ақылды, текті байлар бізде де жетерлік. Онда неге шетелшіл болып, Амрикадан бірақ шықтың дерсіз. Біздегілерді мысалға алсам, онда мына әңгіменің мағынасы мен мақсаты ауытқып кетер еді... Бақытың байлыққа жетуге кедергі қылмас. Ал, байлығың бақытыңа тосқауыл болмасын. Жақсы адамдардың әрқайсысына шынайы бақыт тілеймін. Марктың бақытын десең иә)))) Атақ, даңқ, байлық, бақыт, мейірім, махаббат, ой, сана, итыды бәрі бар. Ал, біздерде бірі бар да бірі жоқ. Өйткені біз Шерхан туған қазақтың өкіліміз. Бірі кем дүние.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-pen-bayly-796165](https://yvision.kz/kk/post/ba-pen-bayly-796165)