---
title: "БАҚ қоғамдағы жемқорлықпен күресудің негізгі құралы"
description: "Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аге..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-30T00:32:21+00:00"
modified: "2015-09-30T00:32:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-o-amda-y-zhem-orly-pen-k-resudi-negizgi-raly-556067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-o-amda-y-zhem-orly-pen-k-resudi-negizgi-raly-556067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ қоғамдағы жемқорлықпен күресудің негізгі құралы

> Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аге...

![БАҚ қоғамдағы жемқорлықпен күресудің негізгі құралы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/jqGR7ljNqF6LW9aB7RYQs59bvWb6Dq.jpg)

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері, СҚО Ішкі істер департаменті ұйымдастырған «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру құралы ретінде және халықтың сыбайлас жемқорлыққа сана - сезімі» атты семинарына қатысты.

![БАҚ қоғамдағы жемқорлықпен күресудің негізгі құралы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/U0r7W97WI4Jkv6w4KK7bG9rNJVGReY.jpg)

Кездесуге сондай-ақ, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «журналистика» мамандығының студенттері шақырылды. Жиында сөз алған, ұйымдастырушы – ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссиясының сараптама кеңесі басшысының орынбасары, «Человек и закон» газетінің бас редакторы Башимов Марат Советұлы қоғамдағы жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше рөлін атап өтті. БАҚ пен мемлекеттік органдардың сындарлы қарым-қатынасы, ақпаратқа қолжетімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттын арттыру жөніндегі мәселелер бойынша СҚО ІІД бастығының орынбасары Қ.С. Оразалин, Халықаралық инновациялық даму институтының президенті А.Б. Ысқақов өз баяндамаларын оқыды. Ал, азаматтарда жемқорлыққа қарсы дүниетанымды нығайту мәселелерін қозғаған Департамент басқармасының басшысы С.Н. Зайцева, тұрғындар жемқорлыққа қарсылық таныту үшін, журналистер қауымы олардың жемқорлыққа қарсы азаматтық көзқарасын дамытуға барлық жағдай жасау керектігін айтты. Семинар соңында қатысушылар, тұрғындарда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, оларды кең ақпараттандыру үшін барлық күштерді біріктіру қажеттгін атап өтті.

![БАҚ қоғамдағы жемқорлықпен күресудің негізгі құралы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/SHEw9F6b7ePd4r99ST1i99w86xVkGp.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-o-amda-y-zhem-orly-pen-k-resudi-negizgi-raly-556067](https://yvision.kz/kk/post/ba-o-amda-y-zhem-orly-pen-k-resudi-negizgi-raly-556067)