---
title: "БАҚ НАЗАРЫНА «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»"
description: "21 сәуір сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелер..."
author: "adiletgov"
published: "2017-04-20T21:36:00+00:00"
modified: "2017-04-20T21:36:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-nazaryna-za-zhobalau-yzmeti-m-seleleri-zh-nindegi-vedomstvoaraly-komissiyasyny-otyrysy-763737"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-nazaryna-za-zhobalau-yzmeti-m-seleleri-zh-nindegi-vedomstvoaraly-komissiyasyny-otyrysy-763737/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ НАЗАРЫНА «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

> 21 сәуір сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелер...

21 сәуір сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(әзірлеуші – ҚР Бас прокуратурасы)

2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру(әзірлеуші – ҚР Қорғаныс министрлігі).

Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.

Журналистерді тіркеу 21 сәуір сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.

ҚР Әділет министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01, 74-06-02,

55-86-91

pressgov@mail.ru

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-nazaryna-za-zhobalau-yzmeti-m-seleleri-zh-nindegi-vedomstvoaraly-komissiyasyny-otyrysy-763737](https://yvision.kz/kk/post/ba-nazaryna-za-zhobalau-yzmeti-m-seleleri-zh-nindegi-vedomstvoaraly-komissiyasyny-otyrysy-763737)