---
title: "БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі"
description: "🇰🇿Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.Қасым-Жомарт ?..."
author: "orazali"
published: "2024-07-12T10:16:38+00:00"
modified: "2024-07-12T10:16:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-men-yntyma-tasty-ty-damytu-a-erekshe-m-n-beriledi-1006406"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-men-yntyma-tasty-ty-damytu-a-erekshe-m-n-beriledi-1006406/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі

> 🇰🇿Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.Қасым-Жомарт ?...

🇰🇿

*Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/6719ca6034f0a85760b4d9c381ae8b16.jpg?width=1280&height=606)

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне БАӘ өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-men-yntyma-tasty-ty-damytu-a-erekshe-m-n-beriledi-1006406](https://yvision.kz/kk/post/ba-men-yntyma-tasty-ty-damytu-a-erekshe-m-n-beriledi-1006406)