---
title: "БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда"
description: "Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-20T04:17:51+00:00"
modified: "2016-04-20T04:17:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-kilderi-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptasuyna-zor-les-osuda-689961"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-kilderi-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptasuyna-zor-les-osuda-689961/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда

> Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын...

![БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/d9SNF8t0KPhCwS3e0qHr2QILnqLJ89.jpg)

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин «Қазақстан Республикасы Президентінің жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдау жөніндегі комитетінің» облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған баспасөз мәслихатын өткізді. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаментінің басшылығы да қатысты.

Кездесуді ашқан Комитеттің облыстық филиалының жетекшісі А.А. Тыртышный БАҚ өкілдерін қызметтерінің басым бағыттарымен таныстырды.

![БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/FbY8oZEvQPMsppZMQeG04KUAw8amIC.jpg)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, ведомство жұмысының стратегиялық бағыттарына тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша Мемлекет асшысымен жүктелген міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ баяндама барысында 2016 жылдың І тоқсанында тіркелген қылмыстық істерден мәлімдеме жасалды.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин өз баяндамасында тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үкіметтік емес және БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас орнатудың мәселелерін қозғады.

![БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/eyJu6xtON3hY15stx8ze4koBJZ5Pwn.jpg)

Тиімді өрбіп жатқан жұмыстың айқын дәлелі ретінде Нұрлан Жахин сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге арналған Ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылуда азаматтық қоғам институттарының белсенділігін жоғары бағалады.

Аталған іс-шаралармен кәсіподақ, құқық қорғау, қоғамдық және саяси ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер, мәдениет саласындағы ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қамтылған болатын.

![БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Na2BOCxtMptxN0Owjrng2blbP4kq17.jpg)

Сондай-ақ аталған Келісімге электронды түрде қосылуға мүмкіндік беретін «Адалдық алаңы» интернет-ресурсының соңғы көрсеткішіне сәйкес, өңірімізде бұл бастаманы қолдаушы заңды тұлғалардың саны 100-ден ал жеке тұлғалардың саны мың жарымнан асқан.

Брифинг барысында келіп түскен ұсыныстар мен сауалдардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарланды.

![БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/cQsSnXmXbFHs8Kh8NY772A6ByryEm8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-kilderi-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptasuyna-zor-les-osuda-689961](https://yvision.kz/kk/post/ba-kilderi-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptasuyna-zor-les-osuda-689961)