---
title: "Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды - әлеуметтік..."
description: "Телеграм-арналарда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен сәуірдің аяғында кеткен Бағдат Мусин \"Қазақтелеком\" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды деген ақпарат тарап жатыр. Айта кетейік, Мусин бір айдан аса..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-10T06:36:12+00:00"
modified: "2024-06-10T06:36:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-zha-a-yzmetke-ta-ayyndaldy-leumettik-zheli-1005472"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-zha-a-yzmetke-ta-ayyndaldy-leumettik-zheli-1005472/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды - әлеуметтік...

> Телеграм-арналарда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен сәуірдің аяғында кеткен Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды деген ақпарат тарап жатыр. Айта кетейік, Мусин бір айдан аса...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/4d582d04e75936e1763f90a7c8b444.jpg)

Телеграм-арналарда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен сәуірдің аяғында кеткен Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды деген ақпарат тарап жатыр.

Айта кетейік, Мусин бір айдан аса уақыт жұмыссыз отырды. [Ол министр қызметінен биыл 30 сәуірде кеткен](https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-yzmetinen-ketti-1004168) болатын.

Ал бұған дейін "Қазақтелекомды" басқарған Қуанышбек Есекеев бүгін Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b7f00b88e777285ec74617002e31ef.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-zha-a-yzmetke-ta-ayyndaldy-leumettik-zheli-1005472](https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-zha-a-yzmetke-ta-ayyndaldy-leumettik-zheli-1005472)