---
title: "Бағдат Мусин \"Қазақтелеком\" басшысы болып ресми түрде..."
description: "\"Самұрық-Қазына\" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен \"Қазақтелеком\" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды. Фото: tengrinews.kz Бұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз. Бағдат Мусин 1983 жылы 3..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-10T12:38:43+00:00"
modified: "2024-06-10T12:38:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-aza-telekom-basshysy-bolyp-resmi-t-rde-ta-ayyndaldy-1005502"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-aza-telekom-basshysy-bolyp-resmi-t-rde-ta-ayyndaldy-1005502/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып ресми түрде...

> "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды. Фото: tengrinews.kz Бұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз. Бағдат Мусин 1983 жылы 3...

*"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/e926eac592f45cf74639010af4c915.jpg)

*Фото: tengrinews.kz*

[Бұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын](https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-zha-a-yzmetke-ta-ayyndaldy-leumettik-zheli-1005472) бұрынырақ жазғанбыз.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда дүниеге келген.

2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».

2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы.

2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.

2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы.

2014 жылдың сәуір-тамызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2014-2017 жж. - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.

2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап. – 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі.

2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап - 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-aza-telekom-basshysy-bolyp-resmi-t-rde-ta-ayyndaldy-1005502](https://yvision.kz/kk/post/ba-dat-musin-aza-telekom-basshysy-bolyp-resmi-t-rde-ta-ayyndaldy-1005502)