---
title: "БАҚ қандай құрметке ие?"
description: "БАҚ- қарапайым халық пен үкімет басшыларының арасындағы жіп секілді. Олар халықтың наразылығын айқай..."
author: "mudin"
published: "2016-04-09T11:38:41+00:00"
modified: "2016-04-09T11:41:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-anday-rmetke-ie-688295"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ba-anday-rmetke-ie-688295/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ қандай құрметке ие?

> БАҚ- қарапайым халық пен үкімет басшыларының арасындағы жіп секілді. Олар халықтың наразылығын айқай...

БАҚ- қарапайым халық пен үкімет басшыларының арасындағы жіп секілді. Олар халықтың наразылығын айқайлатып жеткізеді. БАҚ-тың негізгі күші СӨЗІ мен ҚАЛАМЫНДА емес пе?

Сонау 80-жылдары жазылған мақалалардың күші шенеуніктерді жұмсақ орындықтарынан жұлып алып, кейбірінің үстінен іс қозғатып, жазасын беруге дейін жеткен. Сол күш қазір қайда? Қазір біреудің ісін әшкерелеп, ол туралы шындықтықты айтуға қорқасың.

Халықтың наразылығын айтып қанша жазып жатса да, басшылықтың, тіпті, халықтың өзі назар салмағанда БАҚ-тың не керегі бар? Қазір кез келген екінші адам "журналистпін" деп шыға келеді. Көп адамдар: "Журналист оқуын ойға сіндірудің қажеті де жоқ, әйтеуір жаза білсең болды емес пе?!" дейді. Әрине бұл қате пікір. Себебі, журналист бойында тек жазу өнерінің болуы аздық етеді. Оған шешендік өнерінің шыңына жеткен, азаматтық позициясын жоғалтпаған, ақиқаттың түбіне жете білетін адам керек.

Бұрындары журналист Республиканың кез келген жеріне бара қалса халық оны үлкен құрметпен, ізгілікпен қарсы алған. Оның алдында барлығы да жақсы көрінгісі келген. Жақсыларын асырып, жамандарын жасырып отырған. Бәлкім бұл журналистке емес оның СӨЗІ мен ҚАЛАМЫНА деген құрметтен шығар. Қазір тіпті журналист келмек түгілі оны қуып шығатын дәрежеге жетіп отырмыз. Ол да мүмкін қазіргі заманның ағымына байланысты СӨЗ бен ҚАЛАМҒА деген құрметтің жоғалып бара жатқанынан болар...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/C1RBR50E9SxCh6DBqDgDcAi7gIV0eS.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ba-anday-rmetke-ie-688295](https://yvision.kz/kk/post/ba-anday-rmetke-ie-688295)