---
title: "«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» аясында Қазақстанның 5 қаласында пәтерлер берді"
description: "«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Астана, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Павлодар қ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-01T00:00:00+00:00"
modified: "2015-07-31T00:01:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-holdingi-n-rly-zhol-ayasynda-aza-stanny-5-alasynda-p-terler-berdi-521670"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-holdingi-n-rly-zhol-ayasynda-aza-stanny-5-alasynda-p-terler-berdi-521670/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» аясында Қазақстанның 5 қаласында пәтерлер берді

> «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Астана, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Павлодар қ...

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Астана, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Павлодар қалаларында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша пәтерлерді таратты, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарушы директоры Сержан Мәдиев тұрғындарға пәтерлерді тарату жұмыстары барысында.

![«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» аясында Қазақстанның 5 қаласында пәтерлер берді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/i724QdRxASCWpfrE08300QQoUTlkGm.jpg)

![«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» аясында Қазақстанның 5 қаласында пәтерлер берді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/KGpt9r7p5dgmFsSyJo1uw3mytwYESK.jpg)

![«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» аясында Қазақстанның 5 қаласында пәтерлер берді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/q7XdZj1ND797rD9q0g56SuO6g8i5Ms.jpg)

«Мұнда «Бәйтерек» холдингі іске асыратын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама аясындағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлердің кезекті пулын үлестіру бойынша іс-шаралар өтті. Ағымдағы жылғы шілдеде осы қалаларда үлестірілуі жоспарланған пәтерлердің жалпы саны – 360-ты құрайды», - деді «Бәйтерек» ҰБХ АҚ атқарушы директоры С.Мәдиев.

«Бәйтерек» холдингі осы жылғы көктемде (наурыз, сәуір) Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында үлестіру үшін 2 437 пәтер ұсынды. Осы объектілер бойынша қазіргі кезде ҚИК Бағдарлама қатысушыларымен шартқа қою рәсімін аяқтауда.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері Холдинг Қазақстан қалаларында 2 797 мың жаңа пәтерді пайдалануға тапсыруды қамтамасыз етті.

«Нұрлы жол» бағларламасының арқасында тұрғын үй құрылысы бөлігінде мемлекет аса тиімді талаптар негізінде халықтың әлеуеметтік әлсіз топтарын қолжетімді, арзан баспанамен қамтамасыз етудің тетіктерін таба білді», - деп мәлімдеді С. Мәдиев.

Холдинг жалпы ауданы 453,5 мың шаршы метрлік (7805 пәтер) 49 нысан бойынша шартқа қол қойды, оның ішінде 2015 жылы – 361 мың шаршы метр (6185 пәтер) және 2016 жылы – 92,6 мың шаршы метр (1620 пәтер) пайдалануға беріледі.

Бүгінде пәтер үлестіріліп жатқан бес қалада сатып алынған және салынған жалдамалы тұрғын үйлер: Алматы қаласы – 88,6 мың шаршы метр, Астана қаласы – 20 мың шаршы метр, Ақтөбе қаласы – 13,8 мың шаршы метр, Павлодар қаласы – 25 мың шаршы метр, Қостанай қаласы – 5,8 мың шаршы метр.

Жалпы, 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары – «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 000 пәтерді сатып алу мен салуды жоспарлар отыр.

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру аясында Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1483 мың шаршы метрін немесе шамамен 29 мың пәтер беру жоспарланады.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23227)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-holdingi-n-rly-zhol-ayasynda-aza-stanny-5-alasynda-p-terler-berdi-521670](https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-holdingi-n-rly-zhol-ayasynda-aza-stanny-5-alasynda-p-terler-berdi-521670)