---
title: "Бәйтерек ауданында «Open space» алаңы іске қосылды"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша депар..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-05T08:58:28+00:00"
modified: "2019-06-05T08:58:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-audanynda-open-space-ala-y-iske-osyldy-833860"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-audanynda-open-space-ala-y-iske-osyldy-833860/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бәйтерек ауданында «Open space» алаңы іске қосылды

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша депар...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Бәйтерек ауданында «Open space» алаңы іске қосылды.

«Open space» алаңы ауданда бірінші рет ашылуда. Ашық ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін жобаның іске қосылуын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Исақов және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Салиева қолдап, ашылу салтанатына қатысты.

Аудан әкімдігінің 1 қабатында орналасқан «Open space» алаңында тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл жерде аудан басшылығына, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына кез-келген сұрақтар бойынша жаңа форматта жүгінуге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-audanynda-open-space-ala-y-iske-osyldy-833860](https://yvision.kz/kk/post/b-yterek-audanynda-open-space-ala-y-iske-osyldy-833860)