---
title: "Бұтақ жайған ағаш қартаймайды....."
description: "Экологиялық тәрбие –азаматтардың саналық деңгейінің және табиғат ресурстарын сақтау. Тал егу- өте..."
author: "Burkhanova"
published: "2019-04-10T07:01:57+00:00"
modified: "2019-04-10T07:01:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ta-zhay-an-a-ash-artaymaydy-830148"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ta-zhay-an-a-ash-artaymaydy-830148/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бұтақ жайған ағаш қартаймайды.....

> Экологиялық тәрбие –азаматтардың саналық деңгейінің және табиғат ресурстарын сақтау. Тал егу- өте...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/8df3f5353f53ed9becfd2b820f9e20.jpg)

Экологиялық тәрбие –азаматтардың саналық деңгейінің және табиғат ресурстарын сақтау.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/953d6776490a1a84ac67332ddc5adb.jpg)

Тал егу- өте маңызды. Тал- бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретіні де белгілі. Егілген талдар қоршаған ортамызды жақсартатыны сөзсіз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/794cada5a04282e3765f4b75d62880.jpg)

Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың табиғат анаға деген ықыласын ояту. Иә, болашақта ең бастысы ауа тазарып, мектеп ауласында балаларға сая болатын ағаштар егу. Жамбыл облысы, Шу аудандық мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультет деканы, Жамбыл облысы, Шу ауданының Құрметті азаматы Құрмангүл Төлеутайқызы Абаева, «Гүлстан» Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Аскербекқызы Кабдолданованың ұйымдастыруымен және қолдауымен 2019 жылы 1-ші сәүір күні үлкен игі бастама жалғасын тапты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/fe93589d9dbea0b352782cf9d847f7.jpg)

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті атынан 350 түп сәндік ағаштар мен жеміс ағаштарының көшеттері Алматы қаласынан арнайы жеткізілді. Осыған орай, экологияны жақсарту және абаттандыру бағытында, Мұхтар Әуезов есімін иеленген қарашаңырағымызда арнайы жер бөлініп, Ұлы жазушының атынан арнайы аллея ашылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/3831ac326dce0d160bfe2c413dc477.jpg)

Аталған шараға Шу аудандық мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев, « Нұр Отан» партиясының Шу аудандық филиалының төрағасының орынбасары Д.Әліпбаев пен аудандық мәслихат депутаттары және аяулы ұстаздар қатысты. Шара барысында аталған аллеяға келген қонақтар мен ұстаздар ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bb69416c74b497f82c4dd0100cae82.jpg)

М. Әуезов атындағы мектеп әкімшілігі, Шу ауданы, Жамбыл облысы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-ta-zhay-an-a-ash-artaymaydy-830148](https://yvision.kz/kk/post/b-ta-zhay-an-a-ash-artaymaydy-830148)