---
title: "Б. Сапарбаев: 2015 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамту 81% -ды құрайды"
description: "2015 жылдың соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме ашылады, ол балалардың 81 пайызын біліммен қамт..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-10T00:17:00+00:00"
modified: "2015-07-31T00:19:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-saparbaev-2015-zhyldy-so-yna-deyin-mektepke-deyingi-bilimmen-amtu-81-dy-raydy-521784"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-saparbaev-2015-zhyldy-so-yna-deyin-mektepke-deyingi-bilimmen-amtu-81-dy-raydy-521784/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Б. Сапарбаев: 2015 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамту 81% -ды құрайды

> 2015 жылдың соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме ашылады, ол балалардың 81 пайызын біліммен қамт...

2015 жылдың соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме ашылады, ол балалардың 81 пайызын біліммен қамтамасыз етеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

« «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуының арқасында бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 160 мектепке дейінгі мекеме салынбақ, балалардың 81 пайызын біліммен қамтимыз», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі мекемемен балаларды қамту жол картасы әзірленді.

«Бұл картаға сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 18, жеке инвестициялар есебінен 324 мектепке дейінгі мекеме салынды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 2020 жылға дейін жүзеге асады», - деді ол.

Сондай-ақ, Б. Сапарбаев Техникалық-кәсіби білім беру колледждерінің саны 370-ке дейін жететіндігін айтты.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, дуальды білім беру жүйесінің Жол картасы әзірленді, аталған бағдарлама бойынша техникалық-кәсіби білім беру колледждерінің саны 370-ке дейін жететін болады, деді Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Орталық коммунмкациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Ал техникалық-кәсіби білім беруге келетін болсақ, Үкіметтің қаулысымен дуальды білім беру жүйесінің Жол картасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша колледждердің саны 280-нен 370-ке дейін жеткізіледі. Ең бастысы бұл жерде теориялық білімді қысқартып, өндірістік білім беру, оқу орындарының жұмыс берушілермен байланыстарын арттыру маңызды болып табылады. Қазіргі таңда нарық сұранысына сәйкес, келісімдік дайындық жүргізілуде. ИИДМБ 6 саласы бойынша, кадралар дайындау ісіне 10 колледж бен 10 жоғары оқу орны нақтыланды»,-деді Б.Сапарбаев.

Оның сөзінше, өткен жылдан бері «Серпін-2050» жобасы бойынша, жұмыс күші шектен тыс көп аудандардан 2 мың 50 студент жіберілді. «Бұл бағдарлама биылғы жылы 2,5 есеге артады. Бірін-бірі қайталайтын мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Техникалық кәсіби білім беру мамандарын дайындау мерзімі қысқартылып, жоғары оқу орындарының желісі оңтайландырылуда»,-деді вице-премьер.

Сонымен қатар, 126 жоғары оқу орнында студенттердің 28 пайызы техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы және фундемнталды мамандықтар бойынша білім алуда.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23629)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-saparbaev-2015-zhyldy-so-yna-deyin-mektepke-deyingi-bilimmen-amtu-81-dy-raydy-521784](https://yvision.kz/kk/post/b-saparbaev-2015-zhyldy-so-yna-deyin-mektepke-deyingi-bilimmen-amtu-81-dy-raydy-521784)